Махамбет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелері
жиынының хаттамасы
Махамбет ауылы №13 17 маусым 2025 жыл
Махамбет ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиынға қатысуға тиісті қоғамдастық мүшелерінің 10 мүшесі және 56 ауыл тұрғындары қатысты.
Жиынды ауылдық округі әкімі Н.Сапаров ашып ауыл тұрғындарына бүгінгі жиынды жүргізу үшін жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.
Көпшілік дауысы негізінде жиынның төрағасы Н.Аятов, хатшысы Л.Неталиева болып сайланды.
Н.Аятов күн тәртібімен таныстырып, жиынды жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде:
1.Махамбет ауылдық округіндегі атауы жоқ көшеге атау беру туралы.
1 мәселе: Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ағымдағы жылдың 14 мамырындағы № 06-09-04-01/90 хаты негізінде, Аудандық ардагерлер кеңесіне өтініш білдірген ардагерлер ұрпақтарының өтініштері негізінде құрамдас бөліктерге, яғни көшелерге атау беру бойынша атап айтқанда Абуталин Халық 1911 жылы 11 мамырда Гурьев облысының Бақсай ауданы Жалғансай ауылында дүниеге келген, Ұлы отан соғысының ардагері, Қабдолов Қайреден 1921 жылы 17 қыркүйекте Гурьев облысының Новобогат ауданында дүниеге келген, Ұлы отан соғысының ардагері , Есенғалиев Мұхтар 1918 жылы Есбол ауылында дүниеге келген Ұлы отан соғысының ардагері, Исағалиев Сембай 1925 жылы бақсай ауданы, «Жаңа тұрмыс» ауылы кеңесінде туған Ұлы отан соғысының ардагері, атқарылатын жұмыстын алгоритімін жолдай отырып, көрсетілген мерзімде жұмысты атқару, онын ішінде, 2025 жылғы 14 мамыр күні Бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет ресурстарда жергілікті қоғамдастық жиынның күн тәртібі, өткізілетін күні, орны мен уақыты көрсетілген хабарландыру орналастыру; 2025 жылғы 17 маусым күні жергілікті тұрғындармен жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу, хаттамасы жасақталуы, қарап беру мәселесі қаралады.
Тыңдалды:
Күн тәртібіне қойылған мәселені таныстыру бойынша жиын төрағасы Н.Аятовқа сөз берілді.
Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ағымдағы жылдың 14 мамырындағы № 06-09-04-01/90 хаты негізінде, Аудандық ардагерлер кеңесіне өтініш білдірген ардагерлер ұрпақтарының өтініштері негізінде құрамдас бөліктерге, яғни көшелерге атау беру бойынша атап айтқанда Абуталин Халық 1911 жылы 11 мамырда Гурьев облысының Бақсай ауданы Жалғансай ауылында дүниеге келген, Ұлы отан соғысының ардагері, Қабдолов Қайреден 1921 жылы 17 қыркүйекте Гурьев облысының Новобогат ауданында дүниеге келген, Ұлы отан соғысының ардагері , Есенғалиев Мұхтар 1918 жылы Есбол ауылында дүниеге келген Ұлы отан соғысының ардагері, Исағалиев Сембай 1925 жылы бақсай ауданы, «Жаңа тұрмыс» ауылы кеңесінде туған Ұлы отан соғысының ардагері, атқарылатын жұмыстын алгоритімін жолдай отырып, көрсетілген мерзімде жұмысты атқару, онын ішінде, 2025 жылғы 14 мамыр күні Бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет ресурстарда жергілікті қоғамдастық жиынның күн тәртібі, өткізілетін күні, орны мен уақыты көрсетілген хабарландыру орналастыру; 2025 жылғы 17 маусым күні жергілікті тұрғындармен жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу, хаттамасы жасақталуы, қарап беру мәселесі тыңдалды.
Сөйлеушілер:
сөз сөйлеген қоғамдастық мүшесі зейнеткер, ауыл тұрғыны М.Сабырғалиев: Жастарға патриоттық тәрбие беру үшін де осындай бастамалардың маңызы зор. Ауылымыздың ардақты тұлғаларығо көше беруге келісеміз.
сөз сөйлеген қоғамдастық мүшесі зейнеткер, ауыл тұрғыны М.Маханова: Абуталин Халық ардагері соғыстан аман келіп, осы аулымызда көп жыл еңбек етті, артында ізін қалдырды, қазіргі ұрпақтарға дейін ат танымалы тұлға. Келісеміз.
сөз сөйлеген қоғамдастық мүшесі , зейнеткер, ауыл тұрғыны А.Қабенов: Есенғалиев Мұхтар атамызда өте танымал адам. Ауылшарушылық саласында өз ізін қалдырған. Бір қатар марапаттары барекен, үлгі боларлықтай. Келісеміз.
сөз сөйлеген қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны Ш.Торбаева: Келісеміз.
сөз сөйлеген қоғамдастық мүшесі, ауыл тұрғыны Ғ.Некесов: Исағалиев Сембай атамызды да көріп қалдық, соғысқа қатысып, соғыстан кейінде осы өз ауылымыз Махамбетке деген еңбек етіп бірталай қызмет атқарған, бір көше атауын осындай тұлғаларға беруге келісеміз.
сөз сөйлеген ауыл тұрғыны О.Нияз: Қабдолов Қайреден атамыз тек соғыс ардагері ғана емес, соғыстан кейінде ауылдын тірегі болған. Келісеміз.
сөз сөйлеген ауыл тұрғыны Е.Айтжанов: Ардагерлеріміздің қай уақытта біздің болашағымыз үшін үлестері көп, солардын арқасында осы қазіргі бейбіт өмірімізді кешіп жүрміз. Келісемін.
Тұрғындар бірауыздан ұсынысты қолдап Махамбет ауылдық округінің атауы жоқ көшеге Абуталин Халық, Қабдолов Қайреден, Исағалиев Сембай, Есенғалиев Мұхтар атауын беру туралы ұсыныстар бірауздан қолданды.
Жиын қаулы етеді:
Махамбет ауылдық округіндегі атау жоқ көшелерге Х.Абуталин, Қ.Қабдолов, М.Есенғалиев, С.Исағалиевтің аттарын беру туралы ұсыныс қабылдансын. Аталған мәселені дауысқа салып, келісім берілсін. (1-қосымшаға қолдары қойылсын);
Жергілікті қоғамдастықтың төрағасы: Н.Аятов
Жергілікті қоғамдастықтың хатшысы: Л.Неталиева