Ақтоғай ауылының тұрғындарымен округ бойынша атауы жоқ көшелерге атау беру туралы қоғамдастық жиынының
№2 хаттамасы
Ақтоғай ауылы «17» маусым 2025 жыл
Өтетін орны: Ақтоғай ауылдық мәдениет үйі
Уақыты: сағ. 10:00
Қатысқандар: Ауылдық округ әкімі аппараты, мекеме басшылары, қоғамдастық мүшелері – 8 адам және ауыл тұрғындары – 22 адам.
Жиынтөрағасы – Г.Каныкомов
Жиын хатшысы – Г.Мырзағалиева
Күнтәртібінде:
Тыңдалды:
Жиынды ауылдық округ әкімі Е.Муратов ашып күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту шеңберінде ауылдағы атауы жоқ №1 және №2 көшелеріне соғыс ардагерлеріЖұмашев Фазыл мен Қыстаубаев Орынбасардың есімдерін беру – тарихи жадымызды жаңғырту және ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұсынылып отырғанын қысқаша баяндап өтті.
- Бұл ұсынысқа қарсы емеспін. Ол ардагерлердің ел үшін сіңірген еңбегі зор. Ұлы Отан соғысында Отанды қорғап, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігі қашан да ұмытылмауы тиіс. Сондықтан ауыл көшелеріне олардың есімін беру туралы ұсынысқа қарсылығым жоқ, керісінше, бұл – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық игі іс деп санаймын.
- Ауыл тұрғыны ретінде бұл ұсынысқа қарсылығым жоқ екенін айтқым келеді. Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагер аталарымыз қандай марапатқа да лайық. Олар ел үшін жан аямай еңбек етті. Сондықтан олардың есімдерін көшелерге беру – орынды шешім деп ойлаймын.
- Бұл ардагерлерді көзімен көргенімді айтқым келеді. Оқушыларды Фазыл атамызға апарып, олардыңерлік, батырлық әңгімелерін тыңдадық. Бұл кісілердің жүріп өткен жолы – нағыз ерліктің үлгісі. Сондықтан қандай сый-құрмет көрсетілсе де, ардагерлер соған толықтай лайық. Осыған орай көшеге есімдерін беру туралы ұсынысты толықтай қолдаймын.
- Тұрғындар бұл ұсынысты қабыл алып, атауы жоқ №1 көшеге ҰОС ардагері Ф.Жұмашевтың және №2 көшесіне ҰОС ардагері О.Қыстаубаевтың есімдерін беругебірауыздан келісімін білдірді.
Қаулы етеді:
Жиын төрағасы Г.Каныкомов
Жиын хатшысы Г.Мырзағалиева