Махамбет аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы отырысының хаттамасы № 1
Махамбет ауылы 11 ақпан 2025 жыл
Аудандық мәслихат аппараты
Қатынасқандар:
Э.Еспусинова- аудандық мәслихат төрағасының уақытша міндетін атқарушы
О.Кайрекешева- аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Н.Нұрмолдаева- аудандық мәслихаттың бас маман-заңгері
Кандидаттар:
М.Баймишев
Ғ.Лұқпанова
Р.Уразбаева
А.Кубашева
А.Есім
Байқаушылар:
А.Қуанышқалиева- аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі
Э.Ясинқызы - аудандық білім бөлімінің инспекторы
Аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу отырысын аудандық мәслихат төрағасының уақытша міндетін атқарушы Э.Еспусинова ашып жүргізді.
КҮН ТӘРТІБІ:
дайындау туралы
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасының уақытша міндетін атқарушы Э.Еспусинова хабарлама жасады.
Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 15 наурыздағы шешімімен бекітілген аудандық қоғамдық кеңестің жұмыс мерзімі осы жылдың 31 наурызында аяқталуына байланысты жаңадан аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде «Қоғамдық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік ережеге сәйкес аудандық «Жайық Шұғыласы» газетінің 30 қаңтардағы санында жарияланған конкурсқа сәйкес келіп түскен құжаттармен таныстырды және талқыланды.
Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі, заң талаптарына сәйкес, қолданыстағы құрамның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.
Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ережеге сәйкес аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 5 өкімімен жұмыс тобының сандық құрамы -7 (жеті) мүше болып және мемлекеттік орган өкілдерінен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Кайрекешева Орынша, аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері Нурмолдаева Назерке Әбілдақызы айқындалды.
Жұмыс тобына «Өнерпаз» мәдениет үйінің іс – жүргізушісі Р.Уразбаева, ауыл тұрғыны зейнеткер Ғ.Лұқпанова, ауыл тұрғыны зейнеткер М.Баймишев, Махамбет ауылдық округ әкімінің әлеуметтік қызметшісі А.Кубашева, «Ақниет» Қоғамдық бірлестігінің Махамбет ауданындағы өкілі А.Есімнің кандидатуралары ұсынылды.
Барлық құжаттар тексеріліп, заң талаптарына сәйкес келетіні атап өтілді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу отырысына байқаушы ретінде аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі Куанышкалиева Арман Куанышкалиевна, аудандық білім бөлімінің инспекторы Ясинқызы Эльмира қатынасты.
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен жүзеге асырылады.
Кандидат өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
(кандидатты алты дауыс қолдады)
(кандидатты алты дауыс қолдады)
(кандидатты алты дауыс қолдады)
(кандидатты алты дауыс қолдады)
(кандидатты алты дауыс қолдады)
Махамбет аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы төмендегі құрамда құрылсын:
Азаматтардан:
Коммерциялық емес ұйымдардан:
Мемлекеттік органның өкілдері (2025жылғы 22 қаңтардағы № 5 өкім негізінде):
Азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан жұмыс тобының басшысын сайлау туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Э.Еспусинова: Үлгілік ереженің 16-тармағына сәйкес жұмыс тобының бірінші отырысында азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан басшыны сайлау қажеттігі туралы атап өтті.
Р.Уразбаева: М.Баймишевтің кандидатурасын ұсынамын.
Ұсынылған кандидатура М.Баймишевке дауыс беру рәсімі жүргізілді, көпшілік дауыспен М.Баймишев жұмыс тобының басшысы болып сайланды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңес құрамының саны 11 мүше болып айқындалды, олардың 3- мемлекеттік қызметкерлер, 3- қоғамдық ұйымдар өкілдері, 5- өзін-өзі ұсынғандар.
Жұмыс тобы мүшелері ұсынысты мақұлдады.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аудандық Қоғамдық кеңес ережесінің жобасымен аудандық мәслихаттың бас маман- заңгер Нұрмолдаева Назерке Абділдақызы хабарлама жасады.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылай келе жұмыс тобы шешім қабылдады:
кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері осы хаттаманың қосымшасына сәйкес сайланып, бекіту үшін аудандық мәслихатқа ұсынылсын және мәслихаттың интернет ресурсында жариялансын.
бекітілсін.
дыру аудандық мәслихаттың интернет ресурстарына жариялансын.
жариялансын.
Жұмыс тобының басшысы М.Баймишев