Ағымдағы жылдың 17 қырқүйек күні аудандық мәслихаттың «Заңдылықты сақтау, депутаттық этика, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы мен аудандық қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы

Ағымдағы жылдың 17 қырқүйек күні аудандық мәслихаттың «Заңдылықты сақтау, депутаттық этика, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы мен аудандық қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Бірлескен отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы мен мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде: «Аудан бойынша күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы», Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және проблемалық мәселелер, «Махамбет ауылдық округ әкімінің І-ші жарты жылдықта атқарған жұмыстары туралы» мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша жан-жақты талқылаулар жүргізіліп, қаулы қабылданды. Кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікірлер айтылды. Қоғамдық кеңес төрағасына Есенғалиев Амангелді Құралбайұлы ұсынылып, сайланды. Қабенов Абат Құмарұлы өз өтініші бойынша төрағалықтан босатылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып хаттама жасақталды.

Дата публикации
19 сентября 2024