Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы №138 шешімі
Ахат Талтеновке «Махамбет ауданының құрметті азаматы атағын» беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы №250-ІV «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ұзақ жылдар ауылшаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін Ахат Талтеновке «Махамбет ауданының құрметті азаматы атағы» берілсін.
Аудандық мәслихат төрағасы К.Мажиев