Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылдың 13 желтоқсандағы №68 шешімі
Арыстан Серік Бисешұлына «Махамбет ауданының құрметті азаматы атағын» беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы №250-ІV «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін Арыстан Серік Бисешұлына «Махамбет ауданының Құрметті азаматы атағы» берілсін.
Аудандық мәслихаттың төрағасы К.Мажиев