Атырау облысы Махамбет ауданы мәслихатының
сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Атырау облысы Махамбет ауданының мәслихаты аумақтық және 18 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссия жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 09 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін белгіленген қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыретіне бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Махамбет аудандық мәслихаты
Махамбет аудандық мәслихатының төрағасы - К.Мажиев
Мәслихаттың орналасқан жері: Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13.
Жауапты тұлға – Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна, қызметтік телефон нөмірі: 87123621176
электрондық пошта мекенжайы: makhambet-maslikhat@mail.ru.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының және 18 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды
|
№ |
Комиссияның атауы |
Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы) |
Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
|
Елдімекен |
Көше |
Үй |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
«Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің ғимараты |
Махамбет ауылы |
А.Құнанбаев |
13 |
7 |
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
№215 |
КМҚК «Өнерпаз» мәдениет үйінің ғимараты |
Махамбет ауылы |
Ж.Жабаев |
4 |
7 |
|
2 |
№216 |
Махамбет балалар және жас өспірімдер спорт мектебінің ғимараты |
Махамбет ауылы |
О.Есмағамбетов |
15 |
7 |
|
3 |
№217 |
Д.Төленов атындағы орта мектебінің ғимараты |
Махамбет ауылы |
Қазбек би |
40А |
7 |
|
4 |
№218 |
О.Шонаев атындағы орта мектебінің ғимараты |
Махамбет ауылы |
М.Шоқпаров |
108 |
7 |
|
5 |
№219 |
Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің ғимараты |
Махамбет ауылы |
М.Боранқұлов |
7 |
7 |
|
6 |
№220 |
Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебінің ғимараты |
Сарытоғай ауылы |
Ы.Алтынсарин |
5 |
7 |
|
7 |
№221 |
КМҚК «Шалқыма» мәдениет үйінің ғимараты |
Жалғансай ауылы |
М.Өтемісұлы |
1 |
5 |
|
8 |
№222 |
КМҚК «Бақсай» мәдениет үйінің ғимараты |
Таңдай ауылы |
М.Есенбаев |
12 |
7 |
|
9 |
№223 |
КМҚК «Сарайшық» мәдениет үйінің ғимараты |
Сарайшық ауылы |
А.Иманов |
38 |
7 |
|
10 |
№224 |
«№1 әлуметтік көмек көрсету орталығы» КМК-нің ғимараты |
Ескі Сарайшық ауылы |
Е.Шакіліков |
38 |
5 |
|
11 |
№225 |
КМҚК «Жасдәурен» мәдениет үйінің ғимараты |
Бейбарыс ауылы |
Төле Би |
36 |
7 |
|
12 |
№226 |
«Жалпы білім беретін Талдыкөл мектеп-балабақша кешені» КММ-нің ғимараты |
Талдыкөл ауылы |
А.Құскелдиев |
19 |
5 |
|
13 |
№229 |
КМҚК «Алға» мәдениет үйінің ғимараты |
Алға ауылы |
Орталық |
11 |
7 |
|
14 |
№230 |
Еңбекшіл негізгі мектебінің ғимараты |
Еңбекшіл ауылы |
М.Шокай |
51 |
5 |
|
15 |
№231 |
Қосарал орта мектебінің ғимараты |
Ортақшыл ауылы |
Абай |
18 |
5 |
|
16 |
№232 |
ҚМКК «Есбол» мәдениет үйінің ғимараты |
Есбол ауылы |
Абай |
36 |
5 |
|
17 |
№233 |
КМҚК «Ақжайық» мәдениет үйінің ғимараты |
Ақжайық ауылы |
Ақжайық |
33А |
5 |
|
18
|
№234 |
ҚМКК «Ақтоғай» мәдениет үйінің ғимараты |
Ақтоғай ауылы |
М.Өтемісұлы |
15 |
5 |
|
Махамбет ауданы бойынша учаскелердің жиыны 18 |
||||||