Махамбет аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелеріне қосымша конкурс туралы хабарландыру
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының (бұдан әрі –Заң) 9-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің ( бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде Махамбет аудандық Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №7хаттамасына сәйкес Махамбет аудандық Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі-Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша қосымша конкурс жариялайтынын хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: мемлекеттік органдардан, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан қалыптастырылады. Жалпы сандық құрамы 11 адам.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін10 (он) жұмыс күн ішінде ( 2023 жылғы 26 сәуірінен бастап 2023 жылғы 12 мамырын қоса алғанда сағат 18:30-ға дейін).
Пошталық мекенжайы: «Махамбет аудандық мәслихаты», Махамбет ауылы, Абай көшесі 13 үй, телефон номерлері: 8(71236) 21276, 21176
Электрондық мекенжайы:makhambet-maslikhat@mail.ru
Жұмыс тәртібі: сағат 09:00- ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс: сенбі, жексенбі.
Заңның 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай- ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда - тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2)сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың ( аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
2.Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:
1)кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
3)соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4)психикалық мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынылады.
3.Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді:
1)Заңның 10- бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2)Заңның 10- бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.