«Махамбет аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Махамбет аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8, 25 баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған «Махамбет аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Махамбет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы №256 ««Махамбет аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімі жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы О. Кайрекешеваға жүктелсін.


Аудандық мәслихат хатшысы                                                 К. Мажиев

Дата публикации
28 сентября 2022