Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабы 3-тармағына сай, Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде жаңадан құрылған 3 округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жоспарланып отыр.
Округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері:
1) Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Ж.Қартқожақов көшесі, №9 үй, «Алтын балық» бала бақшасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты.
2) Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Д.Шененов көшесі №13 үй, Аудандық аймақтық инспекциясының ғимараты.
3) Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Ж.Қартқожақов көшесі, №25 үй, «Жайық шұғыласы» газеті редакциясының ғимараты.
Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2022 жылдың 31 желтоқсаны - 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында аудандық мәслихат аппаратына мына мекен-жайға ұсынылуы керек:
Махамбет ауданы ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі 13.
Құжаттарды жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:
Қайрекешова Орынша Мақсотқызы.
Байланыс телефоны: 8/71234/ 2 – 11 - 76
Электронды поштаның мекен-жайы: k.mazhiev@atyrau.gov.kz
Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00 дан 18.00 ге дейін.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Махамбет аудандық мәслихатының хатшысы Мәжиев Қайыржан атына жолдайды. Оған:
1) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының облыстық аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
4)кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.
Махамбет аудандық мәслихат аппараты