Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №26 «Махамбет аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Махамбет аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10, №11 бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады деп айқындалсын.
- Махамбет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Махамбет аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Махамбет аудандық аумақтық
сайлаукомиссиясының төрағасы С. Шотпақов
Махамбет аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы М. Қабдол
Махамбет ауданы
2022 жылғы 29 желтоқсан
№28