"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-2 тармақшасына, 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 6 тармағына сәйкес, облыс әкімдігінің 2009 жылғы  15 мамырдағы N 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы", 2009 жылғы 26 маусымдағы N 158 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" және 2009 жылғы 14 қазандағы N 234 "Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 125 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларын қарап, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХVІІ сессиясында ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдері жойылсын.
      5. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Облыстық мәслихаттың
      ХVІІ сессиясының төрағасы              А. Есенжанов

      Облыстық мәслихат хатшысы              Ж. Дүйсенғалиев

Дата публикации
13 января 2020