Махамбет аудандық мәслихатының кезекті 26-сессиясын және кезектен тыс 27-сессиясын шақыру туралы

Махамбет аудандық мәслихатының

кезекті 26-сессиясын және кезектен тыс 27-сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19 баптарына сай аудандық мәслихат хатшысы мәслихаттың кезекті  26-сессиясын 2022 жылдың 26 қыркүйек және кезектен тыс 27-сессиясын 2022 жылдың 28 қыркүйек күндері сағат: 1500-де  аудандық әкімдіктің мәжіліс залында  шақыру туралы шешім қабылдады.

 

 

26-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:

 

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы аудан әкімінің есебі

Хабарламашы: К.Нурлыбаев - аудан әкімі

  1. Аудан бойынша қысқы маусымға дайындық жұмыстары туралы

Хабарламашы: А.Қуанғалиев – аудандық   тұрғын  үй-коммуналдық   шаруашылығы,  жолаушылар  көлігі,   автомобиль  жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы    бөлімінің  басшысы

  1. Махамбет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №97 «2022–2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  Хабарламашы: К.Нигметова – аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары

  1. Махамбет ауданының құрметті азаматы атақтарын беру туралы

Хабарламашы: Н.Аруев – аудандық әкімі аппаратының басшысы

  1. Басқа да мәселелер

 

27-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:

 

  1. Махамбет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №101 «2022–2024 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: К.Нигметова – аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары

  1. Басқа да мәселелер

 

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2022 жылдың  26 қыркүйек күні сағат  10-00 –де  «AMANAT» партиясы  аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында өтеді.

Дата публикации
19 сентября 2022