Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 25-сессиясын шақыру туралы

Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 25-сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19 баптарына сай аудандық мәслихат хатшысы мәслихаттың кезектен тыс 25-сессиясын 2022 жылдың 14 қыркүйек күні      сағат: 0900-де  аудандық әкімдіктің мәжіліс залында  шақыру туралы шешім қабылдады.

 

25-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады: 

  1. Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі қызметіне тағайындауға келісім беру туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 14 қаңтардағы №311 «Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін №215-234 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: Шотпақов Сағынғали Нысанбайұлы–аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

  1. Махамбет аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы

Хабарламашы: Бағдалова Шамшырақ Жандарбекқызы – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы

  1. Махамбет аудандық мәслихатының кейбір шешімдері жойылды деп тану

Хабарламашы: Кайрекешева Орынша – аудандық мәслихат аппаратының басшысы

  1. Басқа да мәселелер

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2022 жылдың  13 қыркүйек күні сағат  15-00 –де  «AMANAT» партиясы  аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында өтеді.

Дата публикации
12 сентября 2022