Махамбет аудандық мәслихатының кезекті 23-сессиясын және кезектен тыс 24-сессиясын шақыру туралы

Махамбет аудандық мәслихатының кезекті 23-сессиясын және кезектен тыс 24-сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19 баптарына сай аудандық мәслихат хатшысы мәслихаттың кезекті  23-сессиясын 2022 жылдың 28 маусым және кезектен тыс 24-сессиясын 2022 жылдың 30 маусымы күндері сағат: 1500-де  аудандық әкімдіктің мәжіліс залында  шақыру туралы шешім қабылдады.

 

23-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:

 

  1. Махамбет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №97 «2022–2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

      Хабарламашы: К.Нигметова – аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары

  1. Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 02 ақпандағы №110 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

     Хабарламашы: Төлеген Алмас Ұзақбайұлы - аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

  1. Басқа да мәселелер

 

24-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:

 

  1. Махамбет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №101 «2022–2024 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

      Хабарламашы: К.Нигметова – аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары

  1. Басқа да мәселелер

 

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2022 жылдың  27 маусым күні сағат  10-00 –де  «AMANAT» партиясы  аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында өтеді.

Махамбетского районного маслихата о созыве очередной 23 сессии и внеочередной 24 сессии
Дата публикации
20 июня 2022