2022 жылғы 06 сәуірдегі №124
Махамбет аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №97 «2022– 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 9 245 036 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 207 902 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –24 495 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 100 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 5 011 539 мың теңге;
2) шығындар – 10 033 362 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 8 348 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -22 973 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 625 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 796 674 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 796 674 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 22 973 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 14 625 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 788 326 мың теңге.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге -79 379 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 71 272 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 23 205 мың теңге;
мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықпен жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге –58 122 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға – 57 316 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 32 597 мың теңге;
халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге -1 100 000 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға - 364 015 мың теңге;
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға - 399 204 мың теңге;
әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге және мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбек ақыларын өсіруге - 224 357 мың теңге;
«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыруға - 6 249 мың теңге;
елді мекендерді көгалдандыруға - 5 700 мың теңге;
автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге - 354 689 мың теңге;
елді мекендердегі сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға - 28 634 мың теңге;
коммуналдық шаруашылығын дамытуға – 223 034 мың теңге;
көліктік инфрақұрылымды дамытуға - 110 000 мың теңге;
мәдениет ұйымдарының ағымдағы шығындарына – 10 064 мың теңге:
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беруге – 22 500 мың теңге;
қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізуге – 157 578 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға - 5 000 мың теңге;
қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қоқыстарды сұрыптау кешенін және орнатуға ангар сатып алуға - 60 000 мың теңге.
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 36 772 мың теңге;
мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 30 060 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 14 007 мың теңге;
әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге – 96 751 мың теңге;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 70 847 мың теңге;
ауылдық округ әкімі аппаратының ағымдағы және күрделі шығындарына – 6 433 мың теңге;
мәдениет ұйымдарының ағымдағы шығындарына – 3 893 мың теңге;
жекешелендіру, коммуналдық мүлікті басқаруды ұйымдастыруға - 100 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға – 11 960 мың теңге;
елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға – 57 238 мың теңге;
елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға - 400 мың теңге.
Аудандық мәслихат хатшысы К.Мажиев