Аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы
отырысының хаттамасы № 1
Өткен орны: «NurOtan» партиясы аудандық
филиалының мәжіліс залы
Өткен уақыты: 03.02.2022 жыл сағ. 15-00
Қатынасқандар:
К.Мажиев- аудандық мәслихат хатшысы
О.Кайрекешева- аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Жұмыс тобына кандидаттар:
К.Жұмашев
С.Кожраков
М.Себекбаева
С.Аманкосова
Х.Құрмашев
Жұмыс тобының отырысна қатынасқан байқаушылар:
К.Айткалиев- аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі
И.Мырзағалиев - аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері
Жұмыс тобының отырысын аудандық мәслихат хатшысы ашып жүргізді.
Күн тәртібі:
1. Аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылау және сайлау
2. Жұмыс тобының басшысын және хатшысын сайлау
3. Аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің санын айқындау
4. Аудандық қоғамдық кеңестің ережесінің жобасын талқылау
5. Аудандық қоғамдық кеңес құрамын сайлау туралы хабарландыру
дайындау туралы.
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихат хатшысы К.Мажиев хабарлама жасады.
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 27 наурыздағы шешімімен бекітілген аудандық қоғамдық кеңестің жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жаңадан аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы» үлгілік ережеге сәйкес аудандық «Жайық Шұғыласы» газетінің 28 қаңтардағы санында жарияланған конкурсқа сәйкес келіп түскен құжаттармен таныстырды және талқыланды.
Жұмыс тобына кандидаттар «Шалқыма» мәдениет үйінің директоры К.Жұмашев, ауыл тұрғыны, зейнеткер С.Кожраков, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Махамбет аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі басшысының орынбасары М.Себекбаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы Махамбет аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маманы С.Аманкосова, «Ақжол» мүгедектор қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Құрмашев жұмыс тобының мүшелігіне ашық дауыс беру арқылы сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жұмыс тобының басшысы болып Қожрақов Сайын Жәрдемұлының және хатшылыққа Қыдырбай Аңсаған Ізбасарқызының кандидатуралары бекітілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңес құрамының саны 11 мүше болып айқындалды, олардың 3- мемлекеттік қызметкерлер, 3- қоғамдық ұйымдар өкілдері, 4- өзін-өзі ұсынғандар.
Жұмыс тобы мүшелері ұсынысты мақұлдады.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің ережесінің жобасымен аудандық мәслихат аппаратының басшысы О.Кайрекешева хабарлама жасады.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылай келе жұмыс тобы шешім қабылдады:
1. Ашық дауыс берудің қорытындысы негізінде аудандық қоғамдық
кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері осы хаттаманың қосымшасына сәйкес сайланып, бекіту үшін аудандық мәслихатқа ұсынылсын және мәслихаттың интернет ресурсында жариялансын.
2. Жұмыс тобының басшысы болып Қожрақов Сайын Жәрдемұлы
бекітілсін.
3. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
талаптары негізінде әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын халық санына сәйкес аудандық қоғамдық кеңестің мүшелер саны 11 болып белгіленсін.
4. Аудандық қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөнінде
хабарландыру ақпарат құралдарына және интернет ресурстарына жариялансын.
5. Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жұмыс тобына тапсырылсын.
6. Осы шешім аудандық мәслихаттың интернет ресурсына
жариялансын.
Жұмыс тобының басшысы С.Кожраков