GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мәслихат сессиялары
Тұрақты комиссиялар
Қоғамдық кеңес
13 октября 2026
Лисаков қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысының өткізілмейтіндігі туралы хабарландыру

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылуына (2026 жылғы 12 қазандағы№ 1521 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлық) байланысты келесі отырыстар өткізілмейтінің хабарлаймыз:

2026 жылғы 14 қазанда – мәслихаттың кезектен тыс сессиясы.

2026 жылғы 15 қазанда - Лисаков қаласында бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету мәселесі қарастырылу жоспарланған мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен Қоғамдық кеңестің бірлескен кеңейтілген отырысы.

 

Сайлау комиссиялары
28 сентября 2026
Сайлау комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Лисаков қалалық мәслихаты шығып қалғанның орнына №№2, 5, 6, 8, 9 округтік сайлау комиссияларының және № 113, 116, 118 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер бойынша ұсыныстар қабылдауды жариялайды:

Ұсыныстар саяси партиялардан 15 күн ішінде қабылданады, саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, ұсыныстар өзге қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан қабылданады.

Үміткерлерді тіркеу мына мекенжай бойынша өтеді: Лисаков қ., Мир көшесі, 31, №16 кабинет, телефон 34381.

 
Мәслихат сессиялары
23 сентября 2026
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қорытындылары

Бүгін мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл өзгерістер жергілікті қағидаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшін қажет.

Атап айтқанда, жекелеген тұжырымдар нақтыланып, ақпараттық жүйенің атауы өзектендірілді. «Кондоминиум объектілері және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау» деген тұжырымның орнына «ағымдағы және жинақтау жарналары» ұғымы қолданылатын болады. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» атауы «Цифрлық үкіметатауына болып өзгертілді.

2026 жылы тұрғын үй көмегін көрсету үшін жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған. Қаржыландыру бекітілген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, депутаттар ККО құрамына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырды.

         Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Мәслихат сессиялары
27 августа 2026
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Сегодня состоялась внеочередная сессия городского маслихата в онлайн-режиме с трансляцией через социальную сеть Facebook.

По вопросу уточнения бюджете поселка Октябрьский с докладом выступил аким поселка Е. Бектанов, отметив, что по итогам 2025 года доходная часть местного бюджета была перевыполнена. В результате сформировался свободный остаток в размере 14 008,3 тыс. тенге.

Депутаты поддержали распределение этих средств на локальные нужды поселка:

основная часть суммы предусмотрена на текущий ремонт административного здания акимата, оставшиеся средства направлены на коммунальные и хозяйственные нужды, сохранность архивных документов, подготовку проектных решений по переоборудованию амбулатории, а также совершенствование системы учета рабочего времени. С учетом корректировок общий объем уточненного бюджета поселка на 2026 год составил 152 млн 238,3 тыс. тенге.

По второму вопросу выступила руководитель отдела земельных отношений А. Успанова, которая сообщила, что корректировка вводится на основе утвержденной схемы зонирования земель. Территория города разделена на 4 зоны на основе оценки ключевых градостроительных факторов: транспортной доступности, наличия инженерных сетей, уровня социального обслуживания, экологии и др. Повышающий коэффициент применяется исключительно к тем зонам, где условия инфраструктуры лучше средних, а понижающий — где хуже, что позволяет сделать налогообложение справедливым и учесть уровень развития каждой зоны.

В завершение сессии депутаты утвердили обновленный персональный состав городской комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав.

Все вопросы повестки дня предварительно были рассмотрены на заседании постоянных комиссий маслихата. По итогам обсуждения на сессии депутаты приняли соответствующие решения и поддержали проекты единогласно.

 

25 августа 2026
Мектепке жол

Жаңа оқу жылы қарсаңында мәслихат аппаратының қызметкерлері жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға атаулы көмек көрсетуге бағытталған.

Акция аясында қалалық мәслихаттың қызметкерлері КММ «Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің» 4-сынып оқушысы Мырзағазы Рахат Әлидің көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсетті.

Осындай бастамалар ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қолдау көрсетуге ықпал етіп, балаларға жаңа оқу жылын сеніммен бастауға мүмкіндік береді.

Мәслихат сессиялары
20 августа 2026
Мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар Лисаков қаласы мен Октябрь кенті әкімдерінің жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептерін тыңдады

2026 жылдың 7 айында Лисаковта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 50,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 5,7%-ға артты. Кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және қала экономикасын нығайтуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, жолдарды жөндеуге, абаттандыруға және қоғамдық кеңістіктерді дамытуға, соның ішінде «Халық қатысатын бюджет» және «Tugan Qala» бағдарламалары арқылы үлкен көңіл бөлінуде.

Октябрь кентінде шағын және орта бизнестің 60-тан астам нысаны жұмыс істейді. «Таза Қазақстан» шеңберінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ Целинная көшесі мен ұзындығы 2,6 шақырым болатын орамішілік жолдарды жөндеуге құжаттама дайындалды. «Tugan Qala» аясында тұрғындар төрт жобаны қолдады: жылы аялдама павильоны, жаяу жүргіншілер жолы және екі автотұрақ алаңы.

Депутаттар жұмыс нәтижелерін талқылап, қала мен кентті дамыту бойынша өзекті мәселелер мен алдағы міндеттерді белгіледі.

Бұдан бөлек, мәслихаттың, депутаттық комиссиялар мен бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ сайлау комиссияларының құрамына қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Мәслихат сессиялары
24 июля 2026
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

     Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы ZOOM платформасында Facebook желісіндегі параллель онлайн-трансляциямен қашықтық форматында өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың жаңа редакциядағы қағидаларын бекіту болды.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д. Алматов түсіндіргендей, жаңа редакцияның қажеттілігі Қағидаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруге және азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіруге байланысты туындады. Құжат алушылардың санаттарын, төлемдер тәртібін нақтылайды, сондай-ақ көмек көрсету процесін толықтай цифрландырады.

       Қағидалардың жаңа редакциясына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан қосымша енгізілді. Осы негіз бойынша Қазақстандағы 1986 жылғы 17–18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысушылар арасынан заңнамада белгіленген тәртіппен ақталған саяси репрессия құрбандарына 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

        Сонымен қатар мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің жекелеген түрлері нақтыланды. Жіктеп айтқанда, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар мүгедектігі бар тұлғаларға тұрақты елді мекенінен тыс жерде оңалтудан өту кезінде жол жүру шығындарын тоқсан сайын 3 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде өтеу көзделген.

        Негізгі өзгерістердің бірі аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу болып табылады. Тұрақты шектен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардан шыққан тұлғалар үшін әлеуметтік көмек мөлшері 7-ден (30 275 теңге) 15 (64 875 теңге) айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылды.

       Осы Қағидалар шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 2026 жылы жергілікті бюджет қаражаты қарастырылған. Қаржыландыру бекітілген бюджеттік қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.

       Шешім мәслихат депутаттарының бірауыздан қабылдаған шешімімен бекітілді.

Мәслихат сессиялары
03 июля 2026
Лисаков қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

      Лисаков қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, күн тәртібіндегі негізгі мәселе мәслихаттың 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 236 «Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу болды.

      Өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi тарифтiң теңгедегi тiркелген құнынан айлық есептiк көрсеткiшке көшуге негiзделген. 38,78 теңге тіркелген сомада көрсетілген жарналардың бұрын бекітілген ең төменгі мөлшері айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 0,008966 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі коэффициентке ауыстырылады.

       Сондай-ақ депутаттар Лисаков қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның жеке құрамын бекітті.

Қоғамдық кеңес
26 мая 2026
Лисаков қаласының қоғамдық кеңесі қала тұрғындары мен қонақтарының назарына.

Лисаков қаласының қоғамдық кеңесі қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ҚХР-дың Гонконг арнайы әкімшілік ауданында жаңа шектеулердің енгізілгені туралы ақпаратты жеткізеді.

2026 жылғы 30 сәуірден бастап Гонконгта  баламалы темекі өнімдері (Alternative Smoking Products) туралы жаңа заң күшіне енген, қабылданған заңға сәйкес:

- электронды темекілер (IQOS/Glo);

- вейптер және тағы да басқа баламалы құрылғылары;

- таяқшалар және оған тиісті сұйықтықтарды қолдануға және сақтауға, сондай-ақ өзімен бірге алып жүруге толық тыйым салынды.

Ерекшелік ретінде тек қалаға кірмей транзитпен өту  жағдайларына ғана қолданылады

Бұл заңды бұзғаны үшін :

  • 2 000 000 гонконг долларына (шамамен 255 000 АҚШ доллары) дейін айыппұл салу мен 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • аталған өнімдерді сыйға тарту әрекеттері үшін 50 000 гонконг долларына (шамамен 6 400 АҚШ доллары) дейін айыппұл мен 6 айға бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Азаматтардан аталған өңірге баруды жоспарлаған кезінде осы талаптарды ескеруді және баратын елдің заңнамасын сақтауды сұраймыз.

Толық ақпарат ресми сайтта орналастырылған:

https://www.taco.gov.hk/t/english/legislation/legislation_asp.html

 

 

 

Депутаттар
18 мая 2026
Шахматтан III «Senat Open» Кубогының ширек финалы

        17 мамырда Қостанайда шахматтан III «Senat Open» Кубогының ширек финалы өтті!

         Іріктеу турнирінде қалалық мәслихат депутаты А. Кан және қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі А. Лукутин бақ сынады. Бұл жоба осымен үшінші жыл қатарынан депутаттардың, мемлекеттік қызметшілердің, БАҚ өкілдері мен белсенділердің басын қосып келеді. Павел Русанов (ҚШФ) атап өткендей, «Senat Open» еліміздегі әуесқойлар арасындағы ең ауқымды шахмат оқиғасына айналды.

        Жартылай финалдық кездесулер 15 маусым мен 9 тамыз аралығында өтеді. Қостанай 15 маусымда «Солтүстік» аймағын қабылдайды. Финалға жолдама алу үшін Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ең үздік ойыншылары бақталасады.

Социальные сети
Лисаковский городской маслихат
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы