Бүгін қала әкімі А.С.Ибраевтың, мемлекеттік орган басшыларының, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.В.Томилинаның, БАҚ өкілдерінің қатысуымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Екі мәселе қаралды.
Лисаков қаласы мен Октябрь кентінің 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есептерімен қала әкімінің орынбасары А.М.Шектібаев және Октябрь кентінің әкімі Е.Т. Бектанов сөз алды. Н.В. Томилина бюджеттің атқарылуы туралы қорытындымен таныстырды.
«Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптары тұрғысынан атқарып жатқан жұмыстары туралы А.Қ.Успанова баяндады.
Тұрақты комиссиялардың мүшелері тиісті қаулылар қабылдады.