Депутаттар 2021 жылға бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті

Депутаттар 2021 жылға бюджеттің атқарылуы туралы  есепті бекітті

Ағымдағы жылдың 5 мамырда қала әкімінің қатысуымен Лисаков қалалық мәслихатының кезекті VI сессиясы өтті. Сессияда Лисаков қаласы мен Октябрь кентінің 2021 жылға бюджетінің атқарылуы бойынша есептер қарастырылды.

Қала әкімінің орынбасары А.М. Шектыбаев және Октябрь кентінің әкімі Е.Т. Бектанов есеп берді.

Депутаттар қаланың кіріс бойынша 2021 жылғы бюджеті шамалы шектен шығып атқарылғанын және 105,1% құрайтынын атап өтті. Жоспарлы көрсеткіштерді орындауға қол жеткізілді. 2021 жылдың соңында бюджет қаражатының бос қалдығы 313,4 млн.теңгені құрады. Қалада халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 10 инвестициялық жоба іске асырылғанын ерекше атап өтті.

Октябрь кенті бойынша бюджет 101,1% орындалды, 2022 жылдың 1 қаңтарына бюджет қаражатының бос қалдығы 2 млн.теңгені құрады. Ауыл тұрғындарының экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік әл-ауқатына ерекше назар аударылды. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілді.

Сессияда жергілікті атқарушы органның есебін қорытындылай отырып, бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Г.О. Шутаева сөз сөйледі, ол тұрақты комиссиялардың отырыстарында, қоғамдық кеңесте және жергілікті қоғамдастық жиналыстарында өткен жылмен салыстырғанда қала мен кент бюджеті алдын ала қаралғанын және талданғанын атап өтті. Депутаттар тексеру комиссиясының мүшесі Н.В.Томилинаның қорытындысын қолдады. Есепте жергілікті бюджеттің атқарылуына талдау жүргізілді, кірістер түсімдері, салықтық және салықтық емес түсімдер, шығындардың орындалуы, бюджеттік кредиттердің орындалуы және өтелуі бойынша талдамалық деректер көрсетілді, қалалық бюджеттің және басқа да бағдарламалық құжаттардың орындалуына баға берілді және т.б. бюджеттің атқарылу процесіндегі олқылықтар атап өтілді және ұсынымдар берілді.

         Кәмелетке толмаған концлагерь тұұтқындарына, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының қайтыс болған жұбайларына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және ардагерлердің басқа категориясына, соған қоса диспансерлік есепте тұрған, туберкулездің ашық түрімен ауыратын тұлғаларға Жеңіс күніне орай төлемдерді арттыруды көздейтін әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

         Сондай-ақ, қаланың қоғамдық кеңесінің, учаскелік сайлау комиссияларының және ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізілді. Тиісті шешімдер қабылданды.