Ораза айт!

Ораза айт!

Қадірлі мұсылман қауымы!

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай!

Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Баршамыз рамазаннан рамазанға дейін аман-есен жете берейік!

Еліміз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!