Бүгін Лисаков қалалық мәслихатының депутаттары ВКБ режимінде С.Ш. Манасбаевтың төралығымен Қостанай облыстық мәслихатының бюджет және өңірдін экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына қатысты.
Отырыста «2023 жылғы 9 ай қорытындылары бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Қостанай облысының дамыту жоспарын іске асыру туралы» мәселесі қарастырылды. Оның барысында облыстық басқармалардың басшылары баяндама жасады.