«Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі

   

«Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасы 2025 жылғы 12 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2066995&type=4) және Лисаков қалалық мәслихатының ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/documents/details/936089?lang=kk орналастырылды. 

        Шешім жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес әзірленген.

Мақсаты – жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру.

Мерзімі - алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
12 декабря 2025