«Лисаков қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Лисаков қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасы 2025 жылғы 23 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. 

Шешім жобасы 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленген.

НҚА жобасын әзірлеу мақсаты Лисаков қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2025 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендету болып табылады.

Жобаның қабылдауы жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал тигізбейді.

Дата публикации
24 октября 2025