Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Лисаков қаласының

Қоғамдық кеңесінің

құрамын бекіту туралы

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының              8-тармағына, Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 32-тармағына сәйкес:

  1. Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы мынадай құрамда бекітілсін:

Быцко

Вячеслав Александрович

- «Бизнес-Орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі;

Жарылкасымова

Гульмира Казбековна

- Лисаков қаласы білім бөлімінің «№6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (КММ) директоры;

Журкубаева

Томирис Амагельдиновна

- «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ әдіскері;

Казиев

Ерлан Алтайұлы

- Лисаков қаласы әкімінің орынбасары;

Кан

Афанасий Леонидович

- жеке кәсіпкер (ЖК);

Лескова

Лилия Гербертовна

- зейнеткер;

Лукутин

Алексей Александрович

- «Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің нұсқаушы-спортшысы, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы;

Неявко

Игорь Витальевич

- зейнеткер;

Полтарадина

Галия Шайдулловна

- Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Лисаков қаласының мансаптық орталығы» филиалының директоры;

Пролыгина

Динара Куанышбаевна

- «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары;

Соколова

Татьяна Владимировна

«SofiTour» ЖК менеджері.

  1. Осы өкім 2025 жылғы 11 ақпаннан бастап күшіне енеді.

 

Қалалық мәслихат төрағасы                                   К. Мухамадиева

 

 

 

Дата публикации
04 февраля 2025