«Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2024 жылғы 23 желтоқсанда сағат 15-00-де Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, №16 каб., 2-қабат мекенжайы бойынша ұсыныстар келіп түскен коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, байқаушылар шақырылып, Жұмыс тобын қалыптастыру жөнінде отырыс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 13, 14, 16-тармақтарына сәйкес:
- Жұмыс тобының бірінші отырысын қалалық мәслихат хатшысы жүргізеді. Жұмыс тобының келесі отырыстарын жұмыс тобының басшысы өткізеді.
- Жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысушы азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, азамат өзінің кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
- Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысы сайланады. Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 40598, 34381.