Байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыру

        Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы                             26 желтоқсандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ береді не электрондық поштасына жібереді.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа 2024 жылғы 10 желтоқсанда сағат 09.00-ден 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, 16 кабинет «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ, тел: 34381, 40598. Электрондық пошта мекенжайы: lsk.maslihat@mail.ru

 

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
2-қосымша

Нысан

Кімге ______________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда), жеке
куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы «____»             Өтініш берушінің қолы ___________

 

Дата публикации
10 декабря 2024