«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы негізінде, 2021 жылғы 26 желтоқсандағы № 69 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі-Үлгілік ереже) 5-тармағына сәйкес «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі-Жұмыс тобы) құрамына кандидаттыққа құжаттар қабылдау туралы хабарлайды.
Үлгілік ереженің 4-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 28-ө өкімімен Жұмыс тобының сандық құрамы 6 адам санында, мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан - 2 адам, коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қатарынан – 4 адам анықталды.
Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және мемлекеттік органдардың шешімімен тағайындалатын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, мемлекеттік мекемелердің басшыларын қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Үлгілік ереженің 7-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Аталған құжаттар 2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа) 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31, 16-кабинет, «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ, тел: 34381, 40598. Электрондық пошта мекенжайы: lsk.masliһat@mail.ru
|
Қоғамдық кеңес туралы Нысан |
|
Кімге _____________________ |
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын________________________________________________________.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________
Ұсыныстардың үлгісі
Кімге ___________________________
(жергілікті өкілетті органның атауы)
кімнен ______________________________
_________________________________
(коммерциялық емес ұйымның басшысының Т.А.Ә., лауазымының толық атауын көрсету)
Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының құрамына кандидат ұсыну туралы
ұсыныс
____________________________________________________________________________________,
(коммерциялық емес ұйымның атауы, БСН)
____________________________________________________________________________________
____________________________аумағында тіркелген және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын
заңды мекенжайы:____________________________________________________________________
____________________________________________________қызметінің мақсаты болып табылатын
____________________________________________________________________________________,
Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының құрамына ұсыну
үшін________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы (немесе өзге де мәртебесі))
кандидатурасын қарауды сұрайды.
Кандидаттың автобиографиялық деректері көретілген кәсіби және (немесе) өзге де қызметі туралы мәліметтер (соның ішінде мыналарды көрсету қажет: тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы, туған күні, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілу керек)______________________.
20____ ж. «___»__________
_________________ ________________________________________
(лауазымы) (қолы) (қолды таратып жазу)
МО