«Лисаков қаласы бойынша 2025 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Лисаков қаласы бойынша 2025 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі

«Лисаков қаласы бойынша 2025 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің жобасы 2024 жылғы 7 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. 

Шешім жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген.

НҚА жобасын әзірлеу мақсаты Лисаков қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2025 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендету болып табылады.

Жобаның қабылдауы жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал тигізбейді.

 

Дата публикации
07 ноября 2024