2023 жылдың 9 ай ішінде ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘППК) шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, «e-Otinish» біріңғай ақпараттық жүйеде электрондық құжатты дайындау, тіркеу, сақтау, архивтеу, өңдеу және тарату рәсімдері бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін табу жөніндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама

2023 жылдың 9 ай ішінде ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘППК) шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, «e-Otinish» біріңғай ақпараттық жүйеде электрондық құжатты дайындау, тіркеу, сақтау, архивтеу, өңдеу және тарату рәсімдері бойынша жұмысты  ұйымдастыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін табу жөніндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалы анықтама 

 

 

2023 жылғы 9 қазанынан 13-не дейін 2023 жылдың 9 ай ішінде ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінде (бұдан әрі-Бөлім) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, «e-Otinish» біріңғай ақпараттық жүйеде электрондық құжатты дайындау, тіркеу, сақтау, мұрағаттау, өңдеу және тарату рәсімдері бойынша жұмысты  ұйымдастыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін табу жөніндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашажағы Қазақстан республикасының заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес, сондай-ақ 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №53-ө Лисаков қалалық мәслихат төрағасы өкімінің негізінде жүргізілді.

Бөлім қолданыстағы заңнамаға сәйкес штаттық сан лимитінің шегінде құрылған «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ құрылымдық бөлімшесі болып келеді.

                Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және Лисаков қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 73 шешімімен бекітілген «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ересемін басшылыққа алады. Заңнамада  мәслихат аппаратымен мемлекеттік қызметтерді көрсету және бақылау-қадағалау және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыру көзделмеген.

         Бөлім ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы мен екі маманнан тұрады.

          Бөлімнің жұмысы мәслихат төрағасымен бекітілген келешекке арналған және ағымды (тоқсандық және айлық) жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

         Қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін орнатылған мүдделер қайшылығы, жақын туыстардың, жұбайының және жекжаттардың бір жерде жұмыс істеу, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйым мен шектеулерді бұзу фактілері жоқ.

 

 

         Ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімі функцияларының бірі:

  • мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
  • басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан түсетін ақпаратты, сондай-ақ мәслихаттың және мәслихат төрағасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинау және талдау. «е-Өтініш» ақпараттық жүйеде жұмысты жүзеге асыру. Мәслихат төрағасының блог-платформасының жұмысын үйлестіру, блогқа келіп түскен сұрақтарға жауаптар жобасын дайындау.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сақтау, мұрағаттау, өңдеу және тарату үдерісі АППК шеңберінде «e-Otinish» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер жедел түрде тіркеліп, өңделеді, орындалады және бақылауға алынады.

Тұрақты негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ететін жұмыстардың жай-күйіне талдау жүргізіліп, бақылауды күшейту, белгіленген мерзімдерде өтініштерді қарауға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

2023 жылдың 9 айында 10 өтініш түсті, оның ішінде 6 заңды тұлғалардан, 4 жеке тұлғалардан келіп түсті.

Барлық өтініштер қарастырылып, белгіленген мерзімде орындалып, қажетті түсініктемелер берілді. Өтініш берушілерге жауаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес – өтініш берілген тілде заңда белгіленген мерзімде жіберілді.

Есепті кезеңде құжаттарды орындау мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Бақылау және әкімшілік құжаттарды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын қызметкерлер жоқ.

Бөлім қызметкерлерінің әрекетіне шағымдармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар анықталған жоқ.

Есепті кезеңде құжаттарды белгіленген мерзімде орындамау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ; мемлекеттік қызметте болу мерзіміне сәйкес келмейтін әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылатын қызметкерлер тіркелген жоқ.

Лисаков қалалық мәслихаты төрағасының жанындағы аппараттың жоспарлау отырыстарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,  «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау қажеттілігіне назар аударылады.

Осылайша, 2023 жылғы 9 қазанынан 13-не дейін 2023 жылдың 9 ай ішінде ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, «e-Otinish» біріңғай ақпараттық жүйеде  электрондық  құжатты        дайындау,

тіркеу, сақтау, мұрағаттау, өңдеу және тарату рәсімдері бойынша жұмысты  ұйымдастыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін табу бойынша ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Дата публикации
13 октября 2023