Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссияларын жаңа құрамын қалыптастыру туралы

Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссияларын жаңа құрамын қалыптастыру туралы

Лисаков қалалық мәслихатының

 ХАБАРЛАНДЫРУЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы  Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссияларын жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

            Округтік сайлау комиссиялары бес мүше құрамында құрылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жыл.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидат ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келiсiмi туралы өтiнiштердi қоса бередi.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бiрлестiктер, олардың  құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрғандар қалыптастырылып жатқан сайлау комиссияларына қатысы бойынша 2022 жылғы 30 желтоқсаннан – 13 қаңтар аралығында қоса алғанда (дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз нұсқада белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы мәліметтер;

2)  саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілеттіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме тиісті сайлау комиссияларының құрамына үміткерлерді ұсыну туралы;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілеттіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) белгіленген нысанда сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім туралы үміткерлердің өтініштері.

Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпарат нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштері мәслихаттың интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk?lang=ru орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қоюлы, мөрмен расталған және орындау күні, орындаушының тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері және оның телефонының нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгісі болу тиіс.

Лисаков қалалық мәслихаты

Мәслихаттың орналасқан жері: Лисаков қаласы, Мир көш., 31.

Шалдыбаева Салтанат Казымбековна – Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы.  

Жауапты тұлға – Исембулатова Бибигуль Казбековна, 8(71433)34381, факс – 34080, электрондық пошта мекенжайы - b.isembulatova@lskmaslihat.gov.kz.

Лисаков қалалық мәслихат Лисаков қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

№ т/б

Округтік комиссияның нөмірі

Орналасқан жері

1.       

№ 1 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қ.,   6 шағын аудан,56 үй, Лисаков техникалық колледжінің ғимараты

2.       

№ 2 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 6 шағын аудан, 56 үй (Б),

Лисаков техникалық колледжінің жатақхана ғимараты

3.       

№ 3 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 6 шағын аудан, 38 үй,

№ 6 жалпы білім беретін мектеп ғимараты

4.       

№ 4 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы Октябрь кенті, Горький көшесі, 28 үй,

«Ресей» МҮ ғимараты

5.       

№ 5 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 1 шағын аудан, 27 үй,

№ 1 жалпы білім беретін мектеп ғимараты

6.       

№ 6 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 2 шағын аудан, 28 үй, мектеп-гимназия ғимараты

7.       

№ 7 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 4 шағын аудан, 32 үй,

«Союз» МҮ ғимараты

8.       

№ 8 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 3 шағын аудан, 23 үй,

 № 3 жалпы білім беретін мектеп ғимараты

9.       

№ 9 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 4 шағын аудан, 23 үй,

 № 4 жалпы білім беретін мектеп ғимараты

10.   

№ 10 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 5 шағын аудан, 11 үй,

мектеп-лицей ғимараты

11.   

№ 11 округтік сайлау комиссиясы

Лисаков қаласы, 5 шағын аудан, 11 үй,

мектеп-лицей ғимараты (аула клубы)

 

 

____________________

 

Дата публикации
30 декабря 2022