Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы С.К. Шалдыбаеваның VII шақырылған Лисаков қалалық мәслихаты депутаттарының 2021 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарымен есептік кездесуіндегі есебі

Құрметті қала тұрғындары, шақырылғандар!

      Лисаков қалалық мәслихатында 11 депутат қызмет етеді. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болғандықтан, барлық сұрақтар сессияда қарастырылады. 2021 жылғы мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес 19 сессия өткізілді, осы сессияларды 105 сұрақ қарастырылды. Тоқталып өтсем: Лисаков қаласының 2021 -2025 жылдарға арналған даму жоспары, Қала бойынша жолаушылар мен багажды автокөлікпен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы, қала және Октябрь кенті әкімдерінің есептері тыңдалды, Красногор селосын Қамысты ауданына беру, «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды және тағы да басқа сұрақтар.

         Мәслихаттың жұмысы мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылатыны заңнамалық түрде айқындалған.

Өткен жылы 19 сессия өткізілді, оның ішінде 4 кезекті және 15 кезектен тыс. Барлығы 105 мәселе қарастырылды, оның ішінде әділет органдарында тіркеуге жататын 20 нормативтік құқықтық сипаттағы шешім. Есепті кезеңде тіркеуден бас тарту болған жоқ.

Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жөніндегі, мәслихат отырыстарының міндетті онлайн-трансляциясын енгізуге қатысты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 142-тармағын орындау мақсатында 5 сессия Аitube.kz платформасында онлайн-трансляциямен өткізілді. Сессия кезінде оған қатысуға мүмкіндігіңіз болмаса, олар осы платформада сақталады.

Аitube.kz. қазақстандық  платформасы, сондықтан біздің отырыстарымыз осы платформа арқылы көрсетіледі. Көрсетілім кезінде қосыла алмасаңыздар, кейін көруге мүмкіндік бар, қарап танысыңыздар.

2021 жылы депутаттар М.А. Кушибаева, Е. А. Езехель, Г. О. Шутаева сессия төрағалары болып сайланды, заңнамадағы өзгерістерге байланысты 2021 жылғы маусымнан бастап «сессия төрағасы» ұғымы алынып тасталды, сессияны жүргізу құқығы мәслихат хатшысында қалады.   

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері әрқашан басым болып қала беретінін атап өткен жөн. Жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық мәслихаттың сессияларында қала аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы, қала бойынша және қала маңындағы қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы мәселелер, қала және Октябрь кенті әкімдерінің есептері тыңдалды, Красногор селосын Қамысты ауданына беру туралы, «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қарастырылды. Қалалық бюджетті нақтылау - 5 рет жүргізілді. Барлық жүргізілген нақтылаулар, бірінші кезекте, қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен және қаражатты қала бюджетінің бірінші кезектегі мәселелерін шешуге бағыттаумен байланысты болды.

         Мәслихатта 2 (екі) тұрақты комиссия құрылды:

бюджет, экономикалық даму, заңдылық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша;

әлеуметтік-мәдени даму, жастар және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша.

Маслихаттың тұрақты комиссияларында 21 отырыс өткізілді, 10 сұрақ бойынша көшпелі комиссия ұйымдастырылды, мысалы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және кәдеге жаратуға арналған  тарифтерді бекіту сұрақтары бойынша қоқыс полигонына барып, мәселелермен таныстық, бұл сұрақ биылғы жылы қайта қаралады, өйткені 2021 жылдың 1 шілдесінде жаңа экологиялық кодекс қабылданды, сондықтан жаңа нормативтік құжат қажет. Сонымен қатар, көшпелі комиссия төңірегінде қала және Оқтябрь кенті жолдарын сапалы жөндеу жұмысы қарастырылды.

          Мен атап өткендей, мәслихат ДК-де 21 отырыс өтті, оның 10 көшпелі. Барлығы 28 мәселе қаралып, 45 баяндамашы тыңдалды. Жалпы алғанда комиссия отырыстарына 241 адам қатысты. Бюджет бойынша көпшілік тыңдаулар өткізілді, онда қаланы абаттандыру, ХҚБ жобасын ұзарту, жол белгілерін орнату, бұлақты тазарту, қала жолдарында реагенттерді пайдалану мәселелері көтерілді. Барлық мәселелер бақылауға алынды және олардың орындалуы ДК отырыстарында орындалу мерзімі бойынша қаралады.

Көшпелі комиссиялар келесі мәселелер бойынша өткізілді: қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша ТКШ жұмысы туралы, Лисаков қаласы мен Октябрь кентінде жолдарды жөндеу сапасын қамтамасыз ету бойынша, «аула» бағдарламасын іске асыру туралы, коронавирустық инфекция ауруы бойынша және басқалар. тіл саясатын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары туралы, білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарды орындау, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары.

Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың іске асырылуын бақылау жауапты мемлекеттік органдар басшыларының дербес есептері арқылы жүзеге асырылды. Тұрақты комиссия депутаттарымен 15 лауазымды тұлғаның, соның ішінде қала және ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.

 ҚР Бюджет кодексінің 132-бабына сәйкес Лисаков қаласының 2020 жылға арналған даму бағдарламасын іске асыру туралы есеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының қаланы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамалары, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы мүшесінің Лисаков қаласы, Октябрь кенті және Красногор ауылы бюджетінің 2020 жылға атқарылуы туралы есебі тыңдалды.

Көбінесе жергілікті жерлердегі сайлаушылардың проблемалары жергілікті атқарушы органдардың көмегімен шешіледі, осыған байланысты депутаттар әртүрлі мемлекеттік органдарға сұрау салулар жібереді. Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға 15 депутаттық сауал жолданды, олар – материалдық көмек көрсету, ТҚҚ нормалары, шағын аудандарды жарықтандыру, газ есептегіштерін тексеру және сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Жол картасының іс - шаралары мен көрсеткіштері бойынша. Депутаттардың барлық ұсыныстарын мемлекеттік органдар ескереді. Депутаттардың мемлекеттік органдардың басшыларымен тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарында немесе мәселені отырысқа дайындау барысында (ТКШ, сәулет, білім беру) бірлесіп шығу тәжірибесі бар.

Есепті кезеңде мәслихатқа түнгі уақытта қала бойынша патрульді күшейту мәселелері бойынша, қалалық бюджетті қалыптастыру кезіндегі шығындар туралы 9 өтініш, мемлекеттік сатып алу бойынша ұсыныстар келіп түсті. Сондай-ақ, Арал теңізінің құрғақшылығына байланысты проблема бойынша республикалық деңгейдегі өтініш келіп түсті. Барлық өтініштерге жауаптар берілді, мерзімдер бұзылған жоқ.

Апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізіледі, тоқсан сайын депутаттар «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында қабылдау жүргізеді, қабылдау кестелері мен қорытындылары қалалық мәслихаттың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.  

2021 жылдың басынан бастап депутаттар жеке мәселелер бойынша 2886-дан астам азаматты қабылдады, еңбек ұжымдарымен, халықпен 176 кездесу өткізді. Тұрғындардың көптеген мәселелері жедел, азаматтарды жеке қабылдау барысында шешіледі. Өтініштердің 85% оң шешімін тапты, 15% бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.

Өтініштердің басым бөлігі шатырларды жөндеу, үйлердің қасбеттерін сырлау, проблемалық тұрғындармен жұмыс бойынша; ҮИК төрағасын қайта сайлау, Жол картасын түсіндіру, жалақы мәселелері, партияға кіруді түсіндіру, ось үйлерін басқарудың жаңа нысандарына (мүлік иелерін біріктіру) және ЖМ көшу, мүлікті бөлу, кезекке қою және тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, қайта оқыту және т. б. мәселелер бойынша келіп түсті.

Депутаттық корпус қоғамдық кеңеспен бірлескен ынтымақтастық саясатын мақсатты түрде жүргізеді. Жұмыс тәжірибесіне қоғамдық кеңес мүшелерінің мәслихат сессияларына қатысуы кірді.

Атқарылған жұмыс туралы мәслихат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарында және теледидарда – 27 рет сөз сөйледі.

Барлық депутаттар «Наурыз – игі істер айы» акциясына, полиция қызметкерлерін ТЖ режимінде тамақтандыруды ұйымдастыруға, спорттық жабдықтарды сатып алуға, мектеп-интернатқа арналған құрал-жабдықтар, «Эмирге көмектесейік», «Мектепке жол», «Қарттар күні» және басқа да іс-шараларына қатысады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында мәслихат хатшысы мен депутаттар ZOOM платформасында онлайн қабылдаулар, онлайн-сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізеді. Сессиялардың, мәслихаттың тұрақты комиссияларының барлық отырыстары, депутаттардың азаматтарды қабылдау кестелері мен қорытынды ақпарат тұрақты түрде жарияланады. Лисаков қалалық мәслихаты депутаттарының қызметі туралы ақпарат жүйелі түрде Лисаков қалалық мәслихатының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады, онда мәслихаттың қызметін ұйымдастыру және өкілеттіктері туралы ақпарат алуға, депутаттармен және олардың жұмыс бағыттарымен, депутаттарды қабылдау кестесімен, сессияларда мәслихат қабылдаған жобалармен және нормативтік құқықтық актілермен танысуға болады. 2021 жылы барлығы 210 жарияланым орналастырылды.

Мәслихат хатшысының халықпен кері байланысын жүргізу үшін МО ИРБП орналасқан мәслихаттың ресми сайтында (мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы) «Онлайн-қабылдау» қосымша беті ашылды. Бұл бетте сіздің сұрағыңызды талқылау немесе мәселені шешу үшін бізбен жедел байланысуға мүмкіндік беретін қызметтер бар. Мұнда Сіз электронды өтініш жаза аласыз, сұрақ жібере аласыз, жеке қабылдауға жазыла аласыз.

   Жеке сұрақтарыңыз бойынша Маслихаттың жеке сайты арқылы да жазылуға болады, интернет арқылы Лисаков қалалық мәслихат деп іздесеңіздер, сайт арқылы сұрақ қоюларыңызға болады. Оның сыртында менің жеке парақшаларым инстаргамм және фейсбукта бар, ұсыныстарыңызды жазып отыруға болады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2022