|
Лисаков қалалық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы |
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қалалық мәслихат хатшысы С. Шалдыбаева
|
Мәслихаттың 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 91 шешіміне қосымша
|
Лисаков қалалық мәслихатының 2022 жылға арналған
жұмыс жоспары
|
|
Іс-шаралар |
Орындау мерзімдері |
|||||
|
1. Мәслихат сессиялары |
|||||||
|
1.1 |
1. Лисаков қаласында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын орындаудың қорытындылары туралы. 2. 2021 жылға арналған мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы қалалық мәслихат хатшысының есебі туралы. |
I тоқсан |
|||||
|
1.2 |
1. 2021 жылға арналған бюджетті атқару бойынша есеп туралы. 2. 2021 жылға арналған Октябрь кентінің бюджетін атқару бойынша есеп туралы. |
II тоқсан |
|||||
|
1.3 |
1. Лисаков қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі. 2. Октябрь кенті әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі. |
III тоқсан
|
|||||
|
1.4 |
1. Лисаков қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы. 2. Лисаков қаласы Октябрь кентінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы. 3. Лисаков қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2022 жылғы жұмысының қорытындылары туралы. |
IV тоқсан
|
|||||
|
2. Бюджет, экономикалық даму, заңдылық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстары |
|||||||
|
2.1 |
1. Қаланы дамыту бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізуі, Лисаков қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыруы туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері. 2. Лисаков қаласы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы. |
I тоқсан
|
|||||
|
2.2 |
1. 2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп туралы. 2. Лисаков қаласы Октябрь кентінің 2021 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы. (тұрақты комиссиялардың бірлескен көшпелі отырысы) |
II тоқсан
|
|||||
|
2.3 |
1. Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Лисаков қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы (көшпелі отырыс). 2. «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі, Лисаков қаласында және Октябрь кентінде жолдарды жөндеу сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы (көшпелі отырыс). |
III тоқсан
|
|||||
|
2.4 |
1. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру барысы туралы. 2. 2021 жылғы көпшіліктік тыңдаулар қорытындылары бойынша тапсырмаларды орындау барысы туралы. |
IV тоқсан
|
|||||
|
2.5 |
1. Лисаков қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы (көпшіліктік тыңдаулар). 2. Лисаков қаласы Октябрь кентінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы. 3. Лисаков қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2022 жылғы жұмысының қорытындылары туралы. |
IV тоқсан
|
|||||
|
3. Әлеуметтік-мәдени даму, жастар және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстары |
|||||||
|
|
3.1 |
1. Лисаков қаласында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ұйымдастыру және өткізу 2. «Дені сау ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобаны іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы. |
I тоқсан
|
||||
|
|
3.2 |
1. Лисаков қаласында жастар саясатын іске асыру туралы (көпшіліктік тыңдаулар). |
II тоқсан
|
||||
|
|
3.3 |
1. «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасын іске асыру бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласының білім бөлімі» ММ жұмысы туралы.2. Қаланың оқу орындарының жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмысын, демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы. |
III тоқсан |
||||
|
|
3.4 |
1. Лисаков қаласында мәдениет пен жаппай спортты дамыту туралы (көшпелі отырыс) |
III тоқсан |
||||
|
|
3.5 |
1. Лисаков қаласында Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сұру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру барысы туралы. |
IV тоқсан
|
||||
|
|
4. Іс-шаралар |
|
|||||
|
|
4.1 |
Депутаттардың құқықтық оқуы (мәслихат депутаттарын үздіксіз оқытудың оқу-әдістемелік басылымдарына жазылым) |
I тоқсан |
|
|||
|
|
4.2 |
«Nur Otan» партиясының іс-шараларына қатысу. |
жыл бойы |
|
|||
|
|
4.3 |
Депутаттардың «Мектепке жол» акциясына қатысуы. |
жыл бойы |
|
|||