Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдардың интранет - порталы арқылы мемлекеттік тіркеуге жіберу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын және «2021 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №57-ө Лисаков қалалық мәслихаты хатшысының өкімін орындауында мынадай құрамындағы жұмыс топпен:
|
Исембулатовой Б.К.
|
«Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы, жұмыс тобының төрайымы |
|
Байгабуловой З.Б.
|
«Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы, жұмыс тобының мүшесі |
|
Мукушовой А.Б. |
«Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы, жұмыс тобының хатышысы |
нормативтік құқықтық актілерді интранет – портал арқылы мемлекеттік тіркеуге жіберу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ішкі талдау) жүргізілді.
2018 жылғы шілдеден бастап нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі-НҚА) келісу және мемлекеттік тіркеу мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) арқылы электрондық форматқа көшті.
2018 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы 29 қазанға дейін «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ (бұдан әрі-ММ) Әділет департаментіне, ал 2021 жылғы маусымнан бастап Әділет министрлігіне келісуге және одан әрі мемлекеттік тіркеуге 45 НҚА жобасы жіберілді. НҚА жобалары әртүрлі бағыттар болды: қала бюджеттері және төртінші деңгейдегі бюджеттер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ішкі саясат саласы, әлеуметтік сипаттағы мәселелер және қалаға есеп беретін кент пен ауылды басқару және басқалар. Барлық НҚА жобалары қалалық мәслихат сессияларында бекітілгенге дейін құқықтық сараптамадан өтті: Ашық НҚА порталында орналастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, Лисаков қаласының Қоғамдық кеңесінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының, сараптамалық кеңестердің ұсынымдары, әкімнің қорытындылары (бюджет үшін) алынды, НҚА шешімдерінің жобалары мекеменің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылды. НҚА барлық 45 жобасы келісуден және мемлекеттік тіркеуден өтті. Осы кезеңде НҚА шешімдерінің жобаларын мемлекеттік тіркеуден бас тарту және қайтару болған жоқ. Лисаков қалалық мәслихатының тіркелген 45 шешімінің барлығы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау үшін бағытталған.
ММ НҚА шешімдерінің жобаларын келісу және тіркеу кезінде «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №568 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №569 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын басшылыққа алады.
НҚА шешімдерінің жобаларын жіберу бойынша бұзушылықтар белгіленген мерзімде анықталған жоқ; НҚА келісу және тіркеу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған мамандар тіркелген жоқ.
НҚА келісу және тіркеу кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы жанындағы аппарат кеңесінің лездемелерінде Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарын сақтау қажеттілігіне назар аударылады.
Осылайша, мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жіберу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
|
Жұмыс тобының төрайымы |
|
Б. Исембулатова |
|
Жұмыс тобының мүшесі |
|
З. Байгабулова
|
|
Жұмыс тобының хатшысы |
|
А. Мукушова
|