«Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ішкі талдауының қорытындылары бойынша аналатикалық анықтама

Лисаков қалалық мәслихат хатшысының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 60-ө өкімін орындау мақсатында 2020 жылдың 21 желтоқсанынан 30 желтоқсан аралығында «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді.

         Ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің қызметін зерттеген кезде талдау келесіні көрсетті:

         Бөлім «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ құрылымдық бөлімшесі болып келеді (бұдан әрі -ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімі), қолданыстағы заңға сәйкес бекітілген штаттық саны лимитінің шегінде құрылды.

         Бөлімнің қызметі «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысына сәйкес әзірленген, Лисаков қалалық мәслихаты хатшысының 2013 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен бекітілген Ережемен реттеледі.

         Ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімі бөлім басшысы және екі бас маманнан тұрады.

         Ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің функциясына:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің атқару тәртібін және Мемлекеттік қызметішелірінің ар-намыс кодексін сақтау бақылауды қамтамасыз ету;
  • мәслихат депутаттарына мәслихат шешімдерінің, тұрақты комиссия қаулыларының жобаларын дайындау бойынша ұйымдастыру, ақпараттық-талдау, әдістемелік көмек көрсету;
  • мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты комиссиялар отырыстарын, жиналыстарды және басқа да іс-шараларды дайындау және өткізуін ұйымдастыру;
  • тұрақты комиссиялардың қаулыларын орындау үшін бақылауды жүгезе асыру;
  • мемлекеттік органның жұмысын ағымдағы жоспарлау;
  • мәслихат депутаттарының қызметіне мониторингті жүзеге асыру;
  • тиісті мәселелер бойынша мәслихат хатшысына және депутаттарға ақпаратты дайындау;
  • мәслихат хатшысымен және мәслихат депутаттарымен  азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
  • мәслихат хатшысына және мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдардан және ұйымдардан келіп түсетін ақпараттарды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинау және талдауын жүзеге асыру;
  • қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік органда іс қағаздарын жүргізу;
  • қалалық мәслихатпен құрылатын сайлау комиссиялардың құрамдары бойынша мониторинг жүргізу;
  • мәслихат аппаратының мемлекеттік қызмешілерінің аттестаттау мен бағалауын өткізуін ұйымдастыру, мемлекеттік органның жұмыскерлерінің жеке карточкалары мен жеке істерін жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу;
  • мәслихат депутаттарының семинарларын ұйымдастыру және өткізуіне қатысу;
  • мәслихаттың тұрақты комиссиялардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыруын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа функцияларды жүзеге асыру жатады.

                 Басшы мен бас мамандардың Лисаков қалалық мәслихат хатшысының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 59-ө өкімімен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары бар. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес.

             Бөлім штаттық бірліктермен жасақталған, бос орындар жоқ.

             Атқарушылық тәртіп бұзушылықтары жоқ.

             2020 жылдың басынан бөлімнің мамандарының қатысуымен мәслихаттың 4 кезекті және 10 кезектен тыс сессияларын және мәслихаттың тұрақты комиссияларының 25 отырыстарын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары өткізілді.

         Бөлім жұмысы мәслихат хатшысымен бекітілген болашақ және ағымдағы жоспарларға (тоқсандық және ай сайынғы) сәйкес жүргізіледі.

          Бірінші жарты жылдық және жылдық нәтижелері бойынша депутаттық қызмет мониторингі негізінде мәслихат депутаттарының жұмысы туралы ақпарат дайындалуда.

         Іс қағаздарын жүргізу 2017 жылдың 11 желтоқсанында мәслихат хатшысымен бекітілген және 2018 жылдың 26 шілде күні «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағат және құжаттама басқармасы» ММ келісілген 2018-2020 жылдарға арналған іс номенклатурасына сәйкес жүгезеге асырылады. Оңтайлы құжат айналымын қамтамасыз ету, құжаттардың сақталуын қамтамассыз ету мақсатында мемлекеттік мекемеде сараптау комиссиясы құрылды (2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 41-ө өкімі). Орнатылған тәртіпте «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ ведомстволық мұрағаты туралы және тұрақты қолданыстағы сараптама комиссиясы туралы ережесі бекітілді және келісілді.  

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес қалалық мәслихатымен құрылатын сайлау комиссияларының құрамдары бойынша мониторинг жүргізіледі (1-қалалық, 17-учаскелік ).

         2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзіміне сәйкес «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау бойынша комиссиясы (2018 жылғы 5 мамырдағы № 22-к өкімі) құрылды. 2020 жылғы бағалау өткізілді, барлық мемлекеттік қызметкерлердің қызметі өте жақсы және тиімді деп танылды. Қызметкерлердің қызметің бағалауын өткізу рәсіміне шағым түсірілген жоқ.

           2020 жыл бойы «Е-қызмет» БАЖ тұрақты кадрлық жұмыс жүргізіледі. Жеке құрам бойынша 34 өкім, кадрлық мәселелер бойынша 8 өкім енгізілді, конкурстар, тағылымдама, тәлімгерлік, қызметтік хаттар, өтініштер, еңбекке жарамсыздық парақтары, табелдер және басқа да құжаттар енгізіледі.

         Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері орнатылған талаптарға сәйкес жүргізіледі.

         Лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен орнатылған мүдделер жанжалы, жақын туысқандардың, жұбайының және жекжаттардың бірлескен қызметі, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жүктеме бұзушылықтар фактілері жоқ.

         Мәслихат аппараты қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдары бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланымдар, жеке және заңды тұлғаларының өтініштері болған жоқ.

         Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихат аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету және бақылау-қадағалау және рұқсат ету қызметін жүзеге асыруға заңнамамен қарастырылмаған.

         Осылайша, «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-кадрлармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша өткізілген ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Дата публикации
30 декабря 2020