ЖОБА
Лисаков қалалық мәслихаты
шешімінің күші жойылды
деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 19 наурыздағы № 229 Лисаков қалалық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7656 болып тіркелген).
- Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат хатшысының м.а.,
XXII сессияның төрағасы А. Демисенов