Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәслихат сессиясы

Өкілді органдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны оның қарауына заңнамалық актілермен жатқызылған мәселелер шешілетін сессиялар болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 8 бабына сәйкес мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады.

Егер мәслихаттың сессиясына мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болады. Мәслихаттың жұмысы жариялы түрде жүргізіледі және ашық сипатта болады. Бірінші сессия депутаттар тіркелген күннен бастап отыз күндік мерзімнен кешіктірілмей, осы мәслихат үшін тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы айқындаған депутаттар санының кемінде төрттен үш бөлігі болған кезде шақырылады.

Сессияларда мәслихат депутаттары мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады және олардың есептерін тыңдайды; мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды; мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актілерін бекітеді; мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде оны ұстауға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті тиісті мәслихаттар депутаттарының саны негізге алынып, жеті депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ үш адамнан кем емес болып белгіленеді.

Сессияларда мәслихаттың регламенті бекітіледі; депутаттардың сауалдары қаралады және олар бойынша шешімдер қабылданады; оның жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылданады.

Мәслихаттың кезекті сессиялары жылына кемінде төрт рет шақырылады. Мәслихаттың хатшысы сессияны шақыру уақыты мен оның өткізілетін орны туралы, оның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге сессияға кемінде он күн қалғанда хабарлайды. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібі, сондай — ақ дауыс беру тәртібі, аппарат жұмысын ұйымдастыру және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелер - мәслихат сессиясында, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда, кемінде үш күн бұрын бекітілетін мәслихат регламентінде айқындалады. Өкілді органдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны сессиялар болып табылады. Депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде заңды болып табылатын, заңда белгіленген тәртіппен шақырылатын және өткізілетін, мәслихаттың қарауына жатқызылған негізгі мәселелер алқалы түрде шешілетін мәслихаттың жалпы отырысы мәслихат сессиясы болып табылады.

Документы
НҚА
27 августа 2026
О внесении изменений в решение маслихата от 26 декабря 2025 года № 221 "О бюджете поселка Октябрьский города Лисаковска на 2026-2028 годы"
НҚА
27 августа 2026
О корректировке базовых ставок земельного налога в городе Лисаковске
НҚА
24 июля 2026
Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
Новости
Полезные материалы
Мәслихат сессиясы
Медиагалерея
1
Кезектен тыс сессия өтті
События
04 февраля
Лисаков қаласының кезектен тыс сессиясы
12 февраля
Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы
30 апреля
Мәслихаттың II сессияся
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Лисаковский городской маслихат

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы