28 тамыз облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс 36 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі мен мәслихат аппаратының басшылары, сондай-ақ, облыстық басқарма басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Негізгі «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты қаралып, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер көтерілген болатын.
Соған сәйкес, сессия отырысында депутаттардың кейбір сұрақтарына облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек қосымша жауаптарын берді.
Отырыста облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ пен Ібайдулла Тілепке «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Марапат иелерін құттықтаған мәслихат төрағасы олардың ел мүддесі жолындағы еңбегіне жоғары баға беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов депутаттарды марапатымен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруда атқарушы билік пен мәслихаттың өзара тығыз әрі бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Сессия соңында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
27 тамыз күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, барлық басқарма басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және күтілетін нәтижелер туралы жан-жақты баяндады.
Отырыс барысында депутаттар тарапынан бірқатар сауал қойылып, ұсыныстар айтылды. Қойылған сұрақтарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов пен басқарма басшысы С.Мырзабек толыққанды жауап берді.
Күн тәртібінде одан бөлек, «Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы», «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын бекіту туралы» мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Меңлібай хабарлама жасап, «Құрметті азаматы» атағын беру тәртібіне енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.
Депутаттар өз кезегінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселе бірауыздан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді.
27 тамыз күні облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Балжан Шәменова төрағалық етті. Оған облыстық мәслихат депутаттары және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды.
Депутаттардың көтерген сұрақтарына басқарма басшысы мен тиісті сала мамандары тарапынан жауаптар беріліп, нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселені тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.
17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы Қазақстан Парламентінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталды.
Шарада облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азамат «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» медалімен марапатталды.
8 шілде күні Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Б.Сандыбаев, мәслихат депутаттары Ж.Нұрымбетов, Н.Сопбеков «Абзал және К» толық серіктестігінің және «МЧ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтерді бекітуге ұсынылған өтінімді қарау бойынша өткен жария тыңдауға қатысты.
Жария тыңдау барысында серіктестіктердің тарифтік өтінімдері, тарифтік сметалары, ұсынылған қызмет көлемі және тарифтің қалыптасуына әсер ететін негізгі шығын баптары қаралды. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарау барысы және тарифтік жобаларға енгізілетін түзетулер жөнінде ақпарат берілді.
Қазіргі таңда ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, серіктестіктің тарифін бекітуге ұсынған құжаттары қаралуда, атап айтқанда: «шикізат және материалдар», «жалақы», «әлеуметтік салық», «амортизация» және т.б.
Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті шешім қабылданатын болады.
3 шілде күні облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезекті 34 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының сондай-ақ, тексеру комиссияcының төрағалары, облыстық басқарма басшылары, ал қала мен аудандар әкімдері және мәслихат төрағалары онлайн байланыс жүйесі арқылы қатысты.
Күн тәртібіндегі «2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» мәселе бойынша облыс әкімі Мұрат Ергешбаев баяндама жасады.
Баяндамада аймақ басшысы өңірдің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, іргелі істердің орындалуына ықпал етіп жүрген аймақ депутаттарына алдағы уақытта да жаңа және ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолында бірлесе жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Баяндамадан соң, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов депутаттық корпус атынан аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлына облыс әкімі ретінде алғаш рет сессияға қатысып отырғанына байланысты жаңа қызметімен құттықтап, Сыр өңірінің дамуына серпін берген нәтижелі жұмыстардың сабақтастығын сақтай отырып, оларды жаңа деңгейде жалғастыру жолындағы еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдірді.
Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттары М.Нәлібаев пен М.Ниязов та сөз алып, аймақ басшысының алдағы атқарар жұмыстары мен бастамаларына сәттілік тіледі.
Айта кетсек, сессия алдында өткен бірлескен отырыста күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланған болатын. Соған сәйкес, күн тәртібіндегі 10 мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
2 шілде күні облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, барлық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» болды. Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек баяндама жасап, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Б.Пшанов 2025 жылғы бюджеттің атқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мен анықталған кемшіліктерге тоқталды.
Мұнан соң, «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне және «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 218 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Басқарма басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесі мен күтілетін нәтижелері туралы жан-жақты баяндады.
Отырыс барысында туындаған қосымша сұрақтарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов және басқарма басшысы С.Мырзабек толыққанды жауап берді.
Күн тәртібінде одан бөлек, «Облыстық ветеринария, қоғамдық даму, дене шынықтыру және спорт басқармаларының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы»; «Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізу; «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының өңірлік жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу; «Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу; «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.
Депутаттар өз кезегінде өңір экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселе бірауыздан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді.
15 мамыр күні облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының басшысы, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан болған бірқатар ұсыныстар қолдау тапқан болатын.
Соған сәйкес, сессия отырысында депутаттардың кейбір сұрақтарына облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек тарапынан қосымша жауаптар берілді.
Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барлық басқарма басшыларына алдағы уақытта депутаттардың ұсыныстарына, олардың көтерген сұрақтарына толық, дәлелді әрі нақты жауаптар берілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қажеттігін айтып, мәслихат депутаттарымен бірге барлық бастамалар мен жобаларды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе іске асырудың маңыздылығына тоқталды.
Сессия соңында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды
29 сәуір күні облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32 сессиясы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов төрағалық етті. Сессия отырысына облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Мұхамедияров және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1) «Қызылорда облысын басқару схемасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 15 сәуірдегі №95 шешіміне өзгеріс енгізу;
2) «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 3 қазандағы № 121 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» 3 мәселе қаралды.
Сессия алдында өткен бірлескен отырыста жан-жақты талқыланған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.
29 cәуір күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе – «Қызылорда облысын басқару схемасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 15 сәуірдегі №95 шешіміне өзгеріс енгізу туралы болды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Сыздықов хабарлама жасады.
Одан соң, «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 3 қазандағы
№ 121 шешіміне өзгеріс енгізу туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әбілпатта хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістерге жан-жақты тоқталды.
Мұнан кейін, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» мәселе бойынша облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы М.Тәуіпбаева хабарлама жасады.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселе бірауыздан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді.