
Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы
Байқадамов Наурызбай 1967 жылы 10 шілдеде дүниеге келген. Ұлты қазақ, 1991 жылы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «тарих және француз тілі» мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ол өзінің еңбек жолын Сырдария ауданындағы Амангелді атындағы № 139 мектептің мұғалімі ретінде 1991 жылдан бастады.
1994 жылдың наурыз айында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «мемлекет және құқық теориясы» кафедрасында лаборант қызметіне кірісті.
1994 жылдың қыркүйегінен 2002 жылдың қыркүйегіне дейін аталған оқу орнының «мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының ізденуші-оқытушы, оқытушы, аға оқытушысы болып жұмыс жасады.
2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың қазаны аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі болды.
2003 жылдың қазанынан бастап 2006 жылдың қыркүйегіне дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы колледж директоры қызметін атқарды.
2006-2007 жж. аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады.
2007 жылы маусым-қараша аралығында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2008 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры.
2013 жылдың шілде айынан Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы, басқарма басшысы.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2016 жылғы 20 наурызда Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, ал 24 наурызда Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2019-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2021 жылдың қаңтарынан Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты, мәслихат хатшысы.
2022 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, мәслихат төрағасы болып сайланды.
2024-2026 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты.
2026 жылдың ақпан айынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры болып сайланды.