Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Общая информация, образование

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы 1956 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш кентінде дүниеге келген.

1963 жылы Жалағаш кентіндегі № 123 орта мектебіне барып, 1973 жылы №202 орта мектебін бітірген.

Карьера

1973-1974 жылдары Жалағаш аудандық суландыру жүйесінде гидрометр қызметін атқарған.

1975-1980 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында оқып,  «Гидромелиорация» мамандығыы бойынша білім алған.

1980-1985 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты-ның Қызылорда филиалында оқытушы;

1985-1990 жылдары Москва қаласында А.Н. Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыған.

1988-1990 жылдары В.П. Горячкин атындағы Москва ауылшаруашылығы инженерлері институтының ғылыми-зерттеу секторының кіші ғылыми қызметкері;

1990-2007 жылдары Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтында проректор қызметтерін атқарған;

1998-2009 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, политехникалық факультетінің деканы;

2009-2019 жылдары  Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры;

2019 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғылыми қызметкері қызметін атқарады.

«Сыр мұрабы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

«И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агротехникалық жоғары колледжі» қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Қызылорда Азаматтық альянс демократиялық күштер аймақтық коалициясының мүшесі.

Қызылорда облыстық мәслихатының VIІ шақырылымының депутаты.

«Ауыл» ХДПП Қызылорда өңірлік филиалының төрағасы.

Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Социальные медиа

Youtube
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы