Қызылқоға аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен аппарат мәжілісі өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Еркебаевтың хатына сәйкес, 2026 жылдың 4 наурызы күні Қызылқоға аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алтыбаев Айбар Алтыбайұлы аппарат қызметкерлерімен мәжіліс өткізді.
Мәжілісте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi мен мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер туралы айтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта да Әдеп кодексінде айқындалған әдептілік қағидаттарын қатаң ұстануы, өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеуге тиіс екендігін үнемі назарда ұстау қажет екендігі түсіндірілді.
Қызылқоға аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі.