ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІККЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІККЕН

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫ ӨТТІ

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, 2025 жылдың 24 ақпаны күні, аудандық мәслихаттың  біріккен тұрақты комиссиясы өтті. Тұрақты комиссияны аудандық мәслихат төрағасы  Бейсқали Толқын Ермекқызы  ашып жүргізді.

Тұрақты комиссияға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Е.Иғали, тиісті бөлім басшылары мен мамандары, аудан әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Р.Якупов қатысты.

Күн тәртібіндетөмендегідей мәселелер қаралды.

  1. «Заңдылықты сақтау, депутаттық этика және қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Білім бөліміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінде есепке алу және орындарды бөлу туралы.
  2. «Аудандық экономика және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Аудандық экономика және қаржы бөлімінің жергілікті бюджет қаражатын басқару мен пайдалану жөніндегі жұмысы.

       3.«Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, экология, әлеуметтік және қоғамдық мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссияда, Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымы обьектілеріне мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жетуі мен кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы.

Аталған мәселелер бойынша Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы- Әнжанова Гулфайруз Құлымқызы, Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы- Ташимов Мәди Қайырғалиұлы, Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы- Ғазезова Алмагүл Әлібекқызы баяндама жасады.

Депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті жауаптар берілді.

 

 

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІККЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫ ӨТТІ
Дата публикации
24 февраля 2026