Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылқоға аудандық Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланатынын хабарлайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 14 ақпаннан бастап 2025 жылғы 27 ақпанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Пошталық мекенжайы: «Қызылқоға аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Миялы ауылы, Абай көшесі, 4, №9-кабинет, жұмыс телефоны: 8(71238) 21410.
Электрондық поштаның мекенжайы: maslikhat_k @mail.ru
Жұмыс тәртібі: «Қызылқоға аудандық мәслихаты аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуы;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтері;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамасы;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтамасы;
Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 4 тармағына сәйкес,коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.