ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылқоға аудандық мәслихаты аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 5 адам, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері – 3 адам және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері - 2 адам болуы тиіс. Конкурсқа жұмыс тобы мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Миялы ауылында тұратын және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңның 10-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайына жібереді:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Аталған құжаттарды мына мекенжайға жолдау қажет: Қызылқоға аудандық мәслихаты, 060500, Атырау облысы, Миялы ауылы, Абай көшесі 4 үй, №8 кабинет, телефон 8712(38)21410, электрондық пошта: maslikhat-k @mail.ru