Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№13-1 «Қызылқоға аудандық аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Мұқановтың 2026 жылдың 27 сәуірдегі №58 хатымен ұсынылған, «Қызылқоға ауданы бойынша №159, №160 және №163 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы»Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 27.04.2026 жылғы №20 шешіміне сәйкес, «AMANAT» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының, «Ақ жол»Қазақстан Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының және «Атырау облыстық мүгедектер қоғамы» Қызылқоға аудандық филиалы қоғамдық бірлестігінің ұсыныстарына сай, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.1-қосымшаға сәйкес комиссия мүшесі өз өтінішіне сай, Қызылқоға ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығарылсын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат төрағасы Т.Бейсқали