Құрманғазы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрманғазы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрманғазы аудандық мәслихат төрағасының өкімімен құрылған аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құрманғазы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өтетінін хабарлайды.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2025 жылғы 10 ақпандағы шешіміне сәйкес, аудандық Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 13 мүше, оның ішінде мемлекеттік органнан – 4 өкіл және азаматтық қоғамнан – 9 өкіл болып айқындалды.

«Қоғамдық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңды белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикалық белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:

кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;

өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат 3) және 4) тармақшаларда көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен «Құрманғазы аудандық Маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардан, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен 2025 жылдың 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында құжаттар қолма-қол немесе электрондық мекенжай бойынша қабылданады:  

060400, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2, «Құрманғазы аудандық Маслихатының аппараты» ММ, электрондық пошта: kurmangazy.maslixat@mail.ru, байланыс телефондары: 8(71233) 2-15-66, 2-00-10.

Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесуді және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді.

 

Құрманғазы ауданы бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптасыру жөніндегі жұмыс тобы.

 

Дата публикации
19 февраля 2025