№ 1 ХАТТАМА
Құрманғазы ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы
Құрманғазы ауылы 2025 жылғы 10 ақпан
Аудандық мәслихат аппараты сағат 09:00
Қатысқандар:
Г.Калиева – аудандық мәслихат төрағасы
Ж.Шамбузов – аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Г. Серікова - аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман – заң кеңесшісі
Жұмыс тобына кандидаттар:
Б.Анесов
А.Изжанов
А.Хашуова
Ж.Хайрошова
Р.Серікбаева
Байқаушылар:
А.Шакупова - «Серпер»қоғамдық саяси газетінің бас редакторы
Аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу отырысын аудандық мәслихат төрағасы Г.Калиева ашып жүргізді.
КҮН ТӘРТІБІ:
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Г.Калиева: Бүгінгі отырысқа өтініштер мен ұсыныстар берген барлық үміткерлер, сондай-ақ байқаушы шақырылғанын атап өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе бар:
Барлық шешімдерді ашық дауыс беру арқылы, көпшілік дауыспен қабылданады.
Қызмет атқарып отырған Құрманғазы ауданының Қоғамдық кеңестің құрамы 2022 жылғы 31 наурызда құрылғанын атап өту қажет. «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің қазіргі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жыл және ол 2025 жылдың 31 наурызында аяқталады. Осы уақыт ішінде Қоғамдық кеңестің қызметін реттейтін заңнамаға айтарлықтай өзгерістер еніп, қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері едәуір кеңейгенін атап өтті.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 9-бабына сәйкес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерді жұмыс тобы қалыптастырады. Осыған орай, бүгін ұсынылған кандидаттардан жұмыс тобына іріктеу жүргізуіміз керек.
Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі, заң талаптарына сәйкес, қолданыстағы құрамның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.
Осы талаптарға сәйкес 2024 жылғы 29 қаңтардан бастап қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімдеріне кірістік.
Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ереженің 4-тармағына сәйкес аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы №3 өкімімен жұмыс тобының сандық құрамы – 7 (жеті) мүше, оның ішінде мемлекеттік органдардан – 2, азаматтардан – 2, коммерциялық емес ұйымдардан – 3 өкіл болып айқындалды.
Мемлекеттік орган өкілдері аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 30 қаңтардағы №6 өкімімен айқындалды. Олар: аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Шамбузов Жалгаспай Зайырович және аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман – заң кеңесшінің уақытша міндетін атқарушы Серікова Гүлнұр Серікқызы.
Үлгілік ереженің талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс тобының сандық құрамын көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылды. Хабарландыруда құжаттарды тапсыру мерзімдері және құжаттар жіберілетін мекенжайлар көрсетілген.
Хабарландыруда көрсетілген мерзімде 2025 жылдың 29 қаңтар мен 4 ақпаны аралығында бес кандидаттан құжаттар келіп түсті.
Барлық құжаттар тексеріліп, заң талаптарына сәйкес келетінін атап өтті. Аталған кандидаттардың ішінен бүгінгі отырысқа барлық бес кандидат қатысуда.
Сондай-ақ қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу отырысына байқаушы ретінде ресми түрде өтініш берген «Серпер» қоғамдық – саяси газетінің бас редакторы Шакупова Айнагүл Күнұзаққызы байқаушы ретінде шақырылды.
Байқаушыға отырысқа дейін кемінде үш күн бұрын алдын-ала хабарланғанын айтты. «Қатысушылардың кандидаттарға сұрақтары бар ма? Мүмкін біреуде ұсынылған кандидатуралар бойынша сұрақтар немесе ұсыныстар бар шығар. Кандидаттардың бірі дауыс берер алдында сөз сөйлегісі келе ме?» – деп сұрады.
Жоқ болса, заңнама талаптарына сәйкес бүгінгі отырыста Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді (қолды көтеру арқылы) жүргізу қажет.
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 14-тармағында жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысымен жүзеге асырылады.
Кандидат өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
Дауыс беру рәсімін өткізді.
Бірінші кандидат – Анесов Берик Тлегенович (кандидатты алты дауыс қолдады). Көпшілік дауыспен сайланды.
Екінші кандидат – Серикбаева Руза Хабдықызы (кандидатты алты дауыс қолдады). Көпшілік дауыспен сайланды.
Үшінші кандидат – Изжанов Ауез Садулович (кандидатты алты дауыс қолдады). Көпшілік дауыспен сайланды.
Төртінші кандидат – Хашуова Анар Серикқабыловна (кандидатты алты дауыс қолдады). Көпшілік дауыспен сайланды.
Бесінші кандидат – Хайрошова Жазира Насиполлаевна (кандидатты алты дауыс қолдады). Көпшілік дауыспен сайланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Құрманғазы аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:
Азаматтардан:
Коммерциялық емес ұйымдардан:
Мемлекеттік органның өкілдері (2025 жылғы 30 қаңтардағы №6 өкім негізінде):
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Г.Калиева: Үлгілік ереженің 16-тармағына сәйкес жұмыс тобының бірінші отырысында азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан басшыны сайлау қажеттігі туралы атап өтті.
А.Изжанов: Б.Анесовтың кандидатурасын ұсынамын.
Ұсынылған кандидатура Б.Анесовке дауыс беру рәсімі жүргізілді, көпшілік дауыспен Б.Анесов жұмыс тобының басшысы болып сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жұмыс тобының басшысы болып Б.Анесов сайланды деп есептелсін.
3.Құрманғазы ауданы Қоғамдық кеңесі мүшелерінің сандық құрамын айқындау туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Г.Калиева: Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 19-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.
Әкімшілік-аумақтық бірлік халқының саны статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын уәкілетті органның деректеріне сәйкес ескерілетінін баяндады. Аудандық сататистика басқармасының мәліметіне сәйкес Құрманғазы ауданының халық саны 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдаймен 55 483 мың адамды құрады. Қолданыстағы Қоғамдық кеңес 13 адамнан тұрады және 13 мүше ретінде қалдыруды ұсынамын.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 бөлігін азаматтық қоғамның өкілдері құрауы тиіс. Мемлекеттік органдардан өкілдікті мәслихат төрағасы конкурс өткізбей бекітеді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 13 адам болып анықталсын (мемлекеттік органдардың өкілдері 4 және 9 азаматтық қоғам өкілдері).
Жұмыс тобының басшысы Б.Анесов