Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың назарына:
Құрманғазы аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрманғазы аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Құрманғазы аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы №3 өкімімен жұмыс тобының сандық құрамы 7 (жеті) мүше, оның ішінде мемлекеттік органдардан - 2, коммерциялық емес ұйымдардан – 3 және азаматтардан - 2 өкіл болып айқындалды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәлімет;
3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалдық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат 3) және 4) тармақтарда көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қалауымен «Құрманғазы аудандық Маслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісу ұсынады.
Құжаттар қолма-қол немесе электрондық мекенжай бойынша қабылданады:
060400, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2 үй, «Құрманғазы аудандық Маслихатының аппараты» ММ, электрондық пошта: kurmangazy.maslixat@mail.ru, байланыс телефондары: 8(71233) 2-15-66, 2-00-10.
Ұсыныстар мен өтініштер конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қабылданады.
Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге 1-қосымша
Кімге _____________________
(Жергілікті өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
2025 жылғы "____" _____________ Өтініш берушінің қолы ___________