GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Депутаттар
16 октября 2026
2026 жылғы 16 қазанда аудан әкімі О.Ж. Нургалиевтің қатысуымен 8 шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы жұмысының қорытындысын шығаруға арналған қорытынды отырыс өтті

Аудан әкімі жұмыстың қысқа мерзіміне қарамастан, депутаттар өзекті мәселелерді шешуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған елеулі жұмыс атқарғанын атап өтті. Кездесу соңында депутаттар белсенді азаматтық ұстанымы және жемісті депутаттық қызметі үшін аудан әкімінің Грамотасымен марапатталды.

Қоғамдық кеңес
15 октября 2026
2026 жылы 15 қазан күні Қостанай ауданының Қоғамдық кеңесі кезекті отырысын өткізді

  Қоғамдық кеңес жұмысы жоспарына сәйкес отырыста «Ауыл Аманаты» бағдарламасын Қостанай ауданында іске асыру туралы «Ауыл шаруашылығы» бөлімі жетекшісі М.К. Боқишевтің есебі тыңдалды. 

      Сонымен қатар, аудан азаматтық патриотизмін тәрбиелеу бойынша жастармен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі міндетін атқарушы Б. Г. Жақенова есеп берді.

     Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдар жұмысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты Қостанай облысы бойынша «Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету» басқармасының басшысы Дощанов Т.С. ұсынды.

     Әрбір сөз сөйлегеннен кейін Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, нақты жауап алды

     Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылған мәселелер бойынша оларды орындау үшін ұсыныстар берілді.

05 октября 2026
2026 жылғы 8 қазанда мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 8 қазанда сағат 11.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 320 «Қостанай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2026 жылғы 9 шілдедегі № 372 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қостанай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Мәслихаттың 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 50 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  5. Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 195 «Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 74 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos

 

02 октября 2026
2026 жылғы 6 қазанда мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс

сессиясын шақыру туралы

Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 6 қазанда сағат 11.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos

 

18 сентября 2026
2026 жылғы 21 қыркүйекте мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс

сессиясын шақыру туралы

 

Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 15.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 325 «Қостанай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Қостанай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 168 «Қостанай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қостанай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 394 «Қостанай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің күшін жою туралы.

Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos

Қоғамдық кеңес
10 сентября 2026
2026 жылғы 9 қыркүйекте Қоғамдық кеңестің мүшелері Қостанай ауданының әлеуметтік нысандарын жүйелі түрде аралады.

      

    2026 жылғы 9 қыркүйекте, Қостанай ауданының әкімі Нұрғалиев Олжас Жеңісұлының көмегімен, Қоғамдық кеңестің мүшелері Қостанай ауданының әлеуметтік нысандарын жүйелі түрде аралады.

    Заречное ауылында бізге «Қазақ тұлпары» ЖШС-на баруға мүмкіндік туды — ол Костанай тұқымдағы таза тұқымды жылқыларды өсірумен айналысады. Біз қораларда ұсталып тұрған тұқымды жылқыларды көрдік, ал жұмысқа арналған жылқылар — жеке, Осиновка ауылында орналасқан. «Қазақ тұлпары» аумағында ат спорты мектебі бар.

    Қуана-қуана Мичурин ауылдық округінде облыс тұрғындары мен Қостанай ауданының жақын елді мекендері үшін көпшілік демалысына арналған жаңа аймақты көрдік, ол қылқан жапырақты ағаштардың арасында салынып жатыр. «Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ басшысы Петрухно Д. В. қала төңірегіндегі эко паркінде спортпен айналысуға, эмоционалды демалуға және денсаулықты жақсартуға жағдайлар жасалып жатқанын толық айтып берді.

    Сонымен қатар «Астана» және «Бәйтерек» құрылыс үстіндегі микроаудандарын да аралады, онда 150-ден астам жаңа тұрғын үй кешендері, өңірдегі ең ірі спорт кешені, көпсалалы аурухана және Қазақстан картасы пішініндегі бірегей саябақ салынатын болады. Барлығы осы «Астана» және «Бәйтерек» микроаудандарында, Тобыл қаласында, Қостанай қаласының орталығынан бес минуттық жерде салынады. Үйлерге тікелей жақын медициналық, спорттық және білім беру объектілері орналасады. Болашақ тұрғындар үшін барлық қажетті жағдайлар дайындалатын болады.

07 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Бүгін, 2026 жылғы 7 қыркүйекте онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, онда мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы сұрақ қаралды. Шешім жобасы аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында алдын ала қаралды. Депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан қолдады.

03 сентября 2026
Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 7 қыркүйекте сағат 15.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

 

Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos

 

 

14 августа 2026
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Бүгін, 2026 жылғы 14 тамызда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге, округтік және учаскелік комиссиялардың, Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамдарына енгізілетін барлық өзгерістерді қолдады. Шешім жобалары аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында алдын ала қаралып, талқыланды.

11 августа 2026
Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Қостанай аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 14 тамызда сағат 11.00-де Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 65 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

Кезектен тыс сессиясының күн тәртібі:

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 268 «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 275 «Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 131 «Қостанай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 74 «Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Онлайн-трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/@maslihatkst/videos

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы