«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты № 881 сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
№ 881 учаскелік сайлау комиссиясының сандық құрамын жеті мүшеден тұратын ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде өз кандидатураларын ұсына алады.
Қажетті құжаттар:
1) саяси партия органы немесе өзге де қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
№ 881 учаскелік сайлау комиссиясы:
|
сайлау учаскесінің № |
Сайлау учаскесі объектісінің атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы |
комиссия мүшелерінің саны |
|
881 |
«№1 Заречная жалпы білім беретін мектебі» КММ |
Заречное а., Ипподромная көш., 40 |
7 |
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Тобыл қ., Тәуелсіздік көшесі, 65, каб.208. Анықтама телефоны: 871455 21871